Биыл команданы Яков Фокинді жаттықтырады, көмекшісі — Михаил Лоншаков. Құрамға жаңадан алтын ойыншы қосылды, кейбір баскетболшылармен келісімшарт ұзартылды.
Яков Фокин, «Астана-Жастар» бас бапкері:
— Жаттығудың алғашқы күні өзіміз ойлағандай өтті. Жігіттердің бәрі жақсы физикалық формада дей алмаймыз: бірі өз бетімен маусымға толыққанды дайындық жүргізсе, кейбірінің дайындық деңгейі орташа. Жалпы, барлығы ойдағыдай, маусымға позитивті көзқараспен қараймыз. Себебі, бүгін үлкен жұмыстың бір жарым сағатын ғана атқардық, алда микроклимат пен командалық атмосфераны қалыптастыру күтіп тұр. Бұл бір күнде орындалатын іс емес, оған уақыт керек.
Саян Мамутов, «Астана-Жастар» ойыншысы:
— Команда жылы қарсы алды, Астанаға енді келдім, алғашқы жаттығуымызды өткізіп үлгердік. Барлығы жақсы өтті. Кейбір жігіттерді бұрыннан танимын, сондықтан командаға үйренісу жеңіл өтіп жатыр. Астанаға енді көшіп келгеніммен, әзірге ешқандай қиындыққа тап болмадым. Алдағы уақытта да барлығы жақсы болады деп ойлаймын. Әлі толық бәрімен танысып үлгермедім, алайда алып жатқан әсерім жақсы.