Владимир Валерьевич бапкерлік мансабын 2014 жылы U16-U20 жас санаттарындағы Украинаның жасөспірімдер және әйелдер құрамаларымен жұмыс істеуден бастаған. 11 жыл ішінде ол ұлттық құрамалардың дайындығына атсалысып, 2016-2023 жылдары Украина әйелдер құрамасы жалпы дене дайындығы бойынша бапкері қызметін атқарды. Онымен қоса, ол төрт жыл көлемінде (2016-2020) Украина ерлер құрамасымен жұмыс істеді. 2023/2024 жылдар маусымында маман «Сабах» кәсіби баскетбол клубында еңбек еткен.
Владимир Валерьевич, «Астана» сапына қош келдіңіз! Клуб сізге жаңа маусымда толағай табыс тілейді!