Мұхаммедәли Сайранов жаңа маусымда «Астана» сапында өнер көрсетуді жалғастырады!

15.07.2025, 16:00    Оқылғаны: 92
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Шабуылшы команда құрамына 2021 жылы қосылды. Өткен маусымда ол Қазақстан Ұлттық лигасында 18 матч өткізіп, әр ойында орта есеппен 3.6 ұпай еншілеп, 2.7 рет допты алған. 
Сонымен қатар, Мұхаммедәли 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Қазақстан чемпионатына қатысып, бір матчта орта есеппен 14.6 ұпай олжалап, 4.4 рет допты алған және 2.2 рет пас берген.

Ақпанда шабуылшы ауыр жарақат алып, маусымды мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр болды. Мұхаммедәли жаңа маусымда алаңға қайта оралады! 

Сәттілік, Мұхаммеләли!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»