Самсон Аракелян FIBA ​​U-19 әлем чемпионатының техникалық делегаты және комиссары болып тағайындалды

27.06.2025, 19:00    Оқылғаны: 79
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» КБК бас директоры Самсон Аракелян баскетболдан 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының техникалық делегаты болып тағайындалды. Жарыс 2025 жылдың 28 маусымы мен 6 шілдесі аралығында Швейцарияның Лозанна қаласында өтеді. 

Бұл — Самсон Аракеляннің биік кәсіби беделінің нәтижесі мен оның халықаралық аренадағы абыройының көрсеткіші. Алдағы турнирге барлығы тек төрт техникалық делегат тағайындалды, олар — төрт құрлықтың өкілі: Африка, Америка, Еуропа және Азия. Сары құрлық өкілі атанған Самсон Аракелян — Қазақстан атынан әлемдік баскетбол деңгейінде маңызды қызметке ие болған алғашқы адам. 

«Астана» КБК Самсон Аракелянді құттықтай отырып, алдағы әлем чемпионатындағы қызметіне сәттілік тілейді!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»