«Астана Жастар» командасының бапкерлер штабы

27.06.2025, 18:00    Оқылғаны: 77
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Келер маусымда ВТБ Жастар Бірыңғай Лигасында дебют жасайтын «Астана Жастар» командасының бапкерлер құрамын назарларыңызға ұсынамыз.

Бас бапкер — Яков Фокин

Яков Фокин — он жылдан астам уақыт бойы бапкерлік қызметпен айналысып келе жатқан тәжірибелі маман. Соңғы жылдары ол Қазақстанда жұмыс істеп, өзінің жоғары деңгейлі жаттықтырушы екенін көрсетті. 2024/2025 жылдар маусымында Фокин «Алматинский Легион» командасын басқарып, ұжым Қазақстан Чемпионатында төртінші орын алды. Оған дейін ол Ресейде «Уралмаш» клубын жаттықтырып, 2018 жылы 2-Суперлигада қола жүлдеге ие болды. Оның тағы бір маңызды жетістігі — 2014 жылы 20 жасқа дейінгі Свердлоа облысы құрамасының бас бапкері ретінде Ресей Жастары Спартакиадасының күміс медалін жеңіп алуы.

Бас бапкердің көмекшісі — Михаил Лоншаков

Михаил Лоншаков есімі «Астана» жанкүйерлеріне біраздан бері таныс. Ол — клубқа адалдығы мен өз шеберлігін дәлелдеген маман. «Астана Академия» жастар командасының бас бапкері ретінде (2022-2024) Лоншаков қазір кәсіби деңгейде өнер көрсетіп жүрген бірқатар ойыншыларды даярлап шықты. Былтырғы маусымда ол Ұлттық Лигада бақ сынайтын «Астана» командасының бас бапкері ретінде жаттықтырушылар штабына қосылып, клубтың чемпиондық атаққа қол жеткізуіне көмектесті.

ВТБ Жастар Бірыңғай Лигасындағы маусым клуб тарихындағы жарқын бір кезеңнің басы болмақ. Бізбен бірге болып, «Астана Жастар» командасына қолдау көрсетіп, жаңа баскетбол тарихының куәгері болыңыз!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»