Санжар командамыздың ең жас ойыншысы болғанына қарамастан, Қазақстан Ұлттық Лигасында дебют жасап, онда 12 ойын өткізіп үлгерді. Сондай-ақ, ол өзін «Астана-Жастар» сапында өте жақсы көрсете білді: жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында (U-21) 25 матч өткізіп, орта есеппен әр ойында 7.5 ұпай еншілеп, 5.2 рет допты алған. Одан бөлек, ол өткен маусымда ел біріншілігінің күміс жүлдесіне ие болды.
Сәттілік, Санжар!