«Астана» FIBA WASL 2025 Үздік сегіздігі финалындағы өнер көрсетуін аяқтады
«Астана» қарсыласқа жылдам қарқын ұсынып, ойынды сенімді бастады. Григорий Мотовилов пен Вадим Щербак шабуылда белсенді ойнағанымен, қарсыластың алыстан дәл жасаған соққылары мен шабуылға жылдам ауысуы Sagesse-нің көш бастауына көмектесті — 31:24.
Екінші ширекте жігіттеріміз допты алу мен оны қозғалту арқасында есеп айырмасын қысқарту үшін дәл соққы жасайтын мүмкіндіктер тапты. Алайда ширек соңына қарай ливандықтар жауапсыз 9 дәл соққы жасады. Үлкен үзіліс алдында таблодағы есеп 62:49 болды. Sagesse алда.
Үшінші кезеңде «Астана» мінез көрсетіп, әр доп үшін күрес жүргізуді жалғастырды және қорғаныста мығым ойын өрнегін көрсетуге тырысты. Асқар Майдекин сенімді, ал Андрей Десятников қарсылас аймағында тиімді ойнады. Дегенмен, Sagesse шабуылдағы қарқынын жоғалтпай, 15-18 ұпай айырмашылығын сақтап қалды.
Ойынның қорытынды бөлігі ливандық команданың басымдығымен өтті. «Астана» есептегі үлкен айырмашылыққа қарамастан, ойынның соңына дейін күрес жүргізді. Қорытынды есеп — 113:90.
«Астананың» матчтағы үздік ойыншыларының статистикасы:
Григорий Мотовилов — 25 ұпай, 7 пас, 3 рет допты алу.
Вадим Щербак — 18 ұпай, 5 рет допты алу, 3 пас.
Асқар Майдекин — 9 ұпай, 10 рет допты алу, 2 пас.
Андрей Десятников — 9 ұпай, 8 рет допты алу.