МБА-МАИ – «Астана» матчына аңдатпа

29.03.2025, 16:00    Оқылғаны: 79
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Бүгінде МБА-МАИ ВТБ Бірыңғай Лигасы чемпионаты турнирлік кестесінде 9-орында келеді. Команда 13 ойында жеңіске жетіп, 26 кездесуде сәтсіздікке ұшыраған. Василий Карасев шәкірттері красноярскілік «Енисейден» сәл алда (13-27) және «Парманы» қуып жетуі үшін мәскеулік командаға үш жеңіс қажет (16-23). МБА-МАИ соңғы бес ойынның төртеуінде жеңіліс тауып, біреуінде жеңіске жеткен. Соңғы матчтарда «Уралмаш» (85:79), ЦСКА (90:62), «Парма» (90:86), «Автодор» (85:95) мәскеулік командадан басым түскен. Тек «Самара» ғана МБА-МАИ-ге қарсы тұра алмады – 99:60.

Наурыз айында МБА-МАИ тек ВТБ Бірыңғай Лигасында ойнап қоймай, Ресей Кубогының финалында да өнер көрсетті. Мәскеулік ұжым «Уралмаштан» жеңіліп (84:68), «Химкиден» басым түсіп (72:62), қола жүлдеге қол жеткізді.

Команданың нәтижелік бойынша үздік ойыншылары – Андрей Зубков (14.3 ұпай), Макар Коновалов (9.8 ұпай + 5.1 пас) пен Владислав Трушкин (8.3). Трушкинді үш ұпайлық соққы жасайтын аймақта назардан тыс қалдыруға болмайтынын есте ұстау керек.

Бұл ойында:

 • Андрей Десятников 150-рет допты алуы мүмкін (2024/2025 жылдар маусымында);
• Григорий Мотовилов 100-нәтижелі пасын беруі мүмкін (2024/2025 жылдар маусымында).  

Кездесулер тарихы

ВТБ Бірыңғай Лигасы чемпионаты аясында командалар өзара 9 кездесу өткізген. 8 матчта МБА-МАИ, бір ойында «Астана» жеңіске жеткен. Соңғы рет командалар 1 ақпанда Астанада кездесті. Онда қарсыласымыз 61:87 есебімен жеңіске қол жеткізген еді. Ертеңгі ойын – кеткен есені қайтару үшін тамаша мүмкіндік!

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

— МБА-МАИ – жас әрі физикалық тұрғыдан мақты команда. Қарсыласымыз жақсы таныс. Ойынға жоспар дайын, ең бастысы – оны орындау. Оған қоса, бізге күрес жүргізуге дайын болып, теке-тіреске толы болар ойын алдында қобалжымау керек. 

Матч: МБА-МАИ – «Астана»
Күні мен уақыты: 30 наурыз, 18:00
Өтетін орны: Баскет Холл Москва
Трансляция: клуб сайтында


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»