Сынақ

22.03.2025, 14:00    Оқылғаны: 59
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Кездесудің бірінші ширегі нәтижелі өтпегенімен, кезең тең дәрежедегі күреске толы болып, матч көшбасшысы бірнеше рет ауысты. Ойынның алғашқы минуттарында «Астана» 5:0 есебімен алға шықты, артынша қарсыластың Кроуфорд және Петенев сынды ойыншылары көзге түсіп, таразы басы теңесті. Әрі қарай командалар өзара шабуылмен алмасып, тіпті «Астана» 14:11 есебімен көш бастады. Дегенмен, одан соң Саратов қаласы командасы +5 ұпай айырмашылығымен есепте алға шықты.

Екінші ширек Глеб Плотников шәкірттері үшін нағыз сынақ болды, жігіттер қарқынды сақтап қалуға тырысты және Рустам Мурзагалиевтің үш ұпайлық соққысы қайтадан үміт отын жақты. Алайда қарсыластың Петенев пен Мэннингтің дәл соққыларының арқасында:  ұпай айырмашылығымен есепте алға шығуы матч тағдырын айқындап берді. Осылай, «Автодор» үлкен үзіліске +19 ұпай айырмашылығымен аттанды.

Үшінші он минуттықтың басында «Астана» ойын барысын өзгерте алмады. Керісінше, команда өте көп қателік жіберіп,» Автодор» ол үшін бірден жазалап отырды (4-16). Кезең соңына қарай Ти Джей Старкс белсенді ойын өрнегін көрсетіп, батыл шешімдер қабылдаған кезде қайтадан үміт пайда болған еді… Алайда кезең «Автодордың» айқын басымлығымен аяқталды — +30.

Ойын тағдыры толығымен шешілгендей болған кезде ғана «Астана» шабуылда нәтижелі ойнай бастады. Вадим Щербак, Данила Походяев (х2) пен Руслан Айтқали үш ұпайлық соққылармен көзге түсті. Өкінішке қарай, бұл кезде кездесу тағдырына өзгеріс енгізу тым кеш болатын.

 «Астана» – «Автодор» 56:88 (15:20, 10:24, 15:26, 16:18)

«Астана»: Рустам Мурзагалиев (11 ұпай + 4 пас), Данила Походяев (9 ұпай + 5 рет допты алу), Ти Джей Старкс (9 ұпай + 5 пас), Дэниэл Утоми (8 ұпай).

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

Өте нашар ойын. Ойыншыларымыздың кейбірі өз мамандықтарына қайта қарап, «кәсібилік» сөзіне қатысты ой жүгіртуі керек. «Кәсіби маман» сөзі – ойынға келіп, ойнап, демалу деген сөз емес. Бұл сөздің мәні тереңде жатыр. Кәсіби маман болу үшін күн сайын өзіңмен жұмыс істеуің керек. Матч кезінде назар ойында емес, басқа нәрседе болса, ойыншыға мотивация беру қиын. Бүгінгі кездесу жайлы статистика сөйлеп тұр: алыстан жасалған соққылар көрсеткіші – 25%, ойыннан – 31%, оған қоса 14 қателік бар. Жігіттерге «Автодордың» өте ұйымшыл команда екенін ескертіп айттым. Олар бүгін командалық ойын өрнегін паш етті, ал біз керісінше. Жарақаттанған ойыншылар бойынша, Саша Оразбековтің мұрны сынды, ал Григорий Мотовилов оңалту кезеңінен өтуді жалғастырып жатыр. Өкінішке қарай, қазір жанкүйерлерімізді қуантатындай деңгейде ойнап жатқан жоқпыз».

 «Астана» ВТБ Бірыңғай Лигасы чемпионаты аясындағы келесі матчын 26 наурызда сырт алаңда «Самараға» қарсы өткізеді.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»