Оңайға соқпаған ойын

16.03.2025, 18:00    Оқылғаны: 65
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Ойын Дэниэл Утомидің бірнеше нәтижелі шабуылынан басталды, «Енисей» бұны өз назарына алып, алыстан жасалатын соққыларға басымдық бере бастады. Осылай Глеб Плотников шәкірттері ойын бойы красноярскілік команданың үш ұпайлық соққыларымен күрес жүргізді. Астаналықтар тең деңгейде өнер көрсетуге талпынғанымен, бірінші ширек +12 ұпай айырмашылығымен есепте алға кеткен алаң иелерінің пайдасына шешілді.

Екінші ширектің басында «Астана» есеп айрымасын 7 ұпайға дейін қысқарта алды. Ти Джей Старкс соққы жасайтын өте көп мүмкіндік жасады. Сондай-ақ, бұл ойында Андрей Десятников командаға біраз пайдасын тигізді. Ол алаңның орталық бөлігінен соққы жасау көрсеткішін 90% сақтауға көмектесті және қарсыластың соққы жасауына кедергі келтірді. Алайда Галин Смиттің төртінші фолы «Астана» құрамына өзгеріс енгізуде қиындықтар туғызды, оған қоса Перевалов пен Близнюк өз ойындарын тапты. Ойынның алғашқы жартысында командамызға үш ұпайлық соққылар жетіспегенін атап өту керек.

«Енисейдің» үш ұпайлық соққылары діттеген жеріне жетіп тұрды, үшінші ширекті алаң иелері алыстан дәл жасалған соққымен бастады. Бұл команданың есептегі айырмашылықты сақтап тұруына көмектесті. Дегенмен, қазақстандық команда қарсыласының есепте тым алға кетуіне мүмкіндік бермей, әр сәтте күрес жүргізді. Ширек қорытындысында есеп айырмасы қысқарып, тек 5 ұпай айырмашылығымен есе жібердік – 17:12.

Ойынның қорытынды он минуттығын сәтті бастадық, 6:11 – «Астана» пайдасына. Команда алыстан жасалатын соққылардың пайыздық көрсеткішін жақсартты: капитан Рустам Мурзагалиев пен Владислав Исаенко алғаш болып көзге түсті. Алайда қарсылас та нәтижелі шабуылмен жауап қатып, камбэк жасау қолымыздан келмеді.

 «Енисей» — «Астана»  92:65 (27:15, 19:13, 17:12, 29:25)

«Астана»: Ти Джей Старкс (19 ұпай + 4 ет допты алу), Андрей Десятников (12 ұпай + 7 рет допты алу), Аскар Майдекин (9 ұпай), Рустам Мурзагалиев (8 ұпай + 4 пас).

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

«Қорғаныста толықтай жеңіліс таптық. Баскетболда бой мен өлшемнен басқаның бәріне үйретуге болады. «Енисей» бізге қарағанда көбірек шабуыл жасады, ал біз үш ұпайлық соққылар орындай алмадық, сондықтан пас беру керек еді, осының барлығы матч нәтижесіне әсер етті. Бірінші ширекті әлі де болса нашар өткізіп келеміз, жұмысты жалғастырамыз».  


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»