Ақпан айындағы үзіліс «Енисейдің» соңғы нәтижелеріне қатты әсер еткен жоқ – турнирлік кестедегі оныншы орын (11-26). Одан бөлек. Йовица Арсич шәкірттері 13 ақпаннан бері «Автодор» (79:74), МБА-МАИ (79:86), «Локомотив-Кубань» (83:95), «Пари НН» (89:76) және ЦСКА (91:86) командаларына қарсы матчтар өткізіп, бесеуінде де жеңіліс тапқан. Дегенмен, чемпионат көшбасшысына қарсы ойында красноярскілік команданың мінез көрсеткенін айта кету керек.
Қарсыластың тұрақты маусым аясында өткізетін алда 6 матчы бар және олардың плей-офф үшін талас жүргізуге де мүмкіндігі де жетеді. Бұл жолда команда бірқатар қиындықтармен бетпе-бет келуі де мүмкін. Команданың негізгі легионер ойыншыларының бірі – америкалық Виктор Сандерс (14.1 ұпай және 3.4 пас) жарақат алып қалды және маусым соңына дейін командасына көмектесе алмайды. Оның аяқ сүйегі сынған. Сонндай-ақ, ақпанда маусымда 21 матчқа қатысқан қорғаушы Захар Ведищев «Енисей» сапынан кетті. Ойыншы мансабын өзге клубта жалғастырады.
Ойыншылар арасынан кімге зер салу керек?
- «Енисей» қорғаушысы Владислав Близнюктің қаңтар айындағы матчта жасаған үш ұпайлық соққылар сериясы ойын жеңімпазын анықтауға көмектескен (63:78).
- Дэниэл Утоми соңғы 16 матчтың бәрінде кем дегенде бір үш ұпайлық соққы орындаған. «Астана» ойыншысы сериясын жалғастыра ала ма?
Кездесулер тарихы
ВТБ Бірыңғай Лигасы чемпионаты аясында командалар өзара 25 кездесу өткізген. 19 ойында «Енисей», 6 матчта «Астана» жеңісты өз пайдасына жазған. Соңғы рет астаналықтар «Енисейді» 2020 жылдың 1 наурызында 64:78 есебімен жеңген.
Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:
- Команда құрамында мәселелер бар екені бәріне белгілі, оған қоса жақында негізгі ойыншыларымыздың бірі Григорий Мотовилов жарақат алып қалды. Мүмкіндік беріліп, сенім артылған жастар осы үмітті ақтап, өздерін көрсетіп, жақсы нәтиже қол жеткізуімізге үлестерін қосады деп сенемін. Алдағы матчта алаңнан нағыз команданы көргім келеді.