«Астана» — «Автодор» матчына аңдатпа

20.03.2025, 12:00    Оқылғаны: 94
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Плей-офф, әлде плей-ин?

«Автодор» ВТБ Бірыңғай Лигасы тұрақты чемпионаты турнирлік кестесінде сегізінші орында келеді, сәйкесінше команда плей-офф үшін таласты жалғастырып жатыр. Саратов қаласы командасы қоржынында 15 жеңіс пен 22 жеңіліс бар, ал 6-7 орындарда тұрған «Парма» мен «Пари НН» ұжымдарында 16 жеңістен бар.

Миленко Богичевич шәкірттері соңғы бес ойында екі жеңіске қол жеткізді. Команда МБА-МАИ-ді 85:95 және «Самараны» 74:90 есебімен жеңді. Алайда Саратов баскетболшылары «Пармаға» (79:73), ЦСКА (69:87) мен «Зенитке» (91:68) есе жіберді.

Лиганың тұрақты чемпионатының аяқталуына санаулы матчтар қалды, «Автодорды» алда өте қиын матчтар күтіп тұр. Команда алад УНИКС, «Локомотив-Кубань» және «Пари  НН» ұжымдарына қарсы ойнайды. Турнирлік кестедегі жағдайды есепке алғанда, Саратов қаласы ұжымы плей-оффқа тікелей жолдама беретін алтыншы орын үшін талас жүргізе алады. Алайда ол үшін команданың соңғы матчтарда жеңіске жетуі аса маңызды.

Орталық ойыншылардың теке-тіресін көре аламыз ба?

«Автодор» — «Зенит» матчының алдында саратовтықтардың орталық ойыншысы Артем Клименко (бойы – 214 см) постер жасап, ол өткен аптаның ең үздік он сәтінде бірінші орын алды. Ол дәл сондай данкті Андрей Десятников арқылы жасай ала ма?

Қарсыласымыздың құрамында Клименко алмастыра алатын ойыншы бар, ол – түркиялық орталық ойыншы Керем Кантер. Жалпы, маусым барысында ол 12.7 ұпай еншілеп келеді, ал «Самараға» қарсы матчта ол нәтижелі ойын өрнегін көрсетті – 25 ұпай, 8 рет допты алу, тиімдлігі үшін 32 балл. Бұл оның ВТБ Бірыңғай Лигасы жарыс аптасының (28 ақпан – 2 наурыз) үздік бестігіне енуіне мүмкіндік берді.

Тағы бір ақпарат

Алдағы ойында Дэниэл Утоми биылғы маусымда «Астана» сапындағы 500-ұпайын еншілеуі мүмкін. Ол үшін ойыншыға «Автодормен» матчта 14 ұпай олжалау керек. 

Кездесулер тарихы

Командалардың бұған дейінгі өткізген 26 кездесуінің біразында жеңіс «Автодор» жақта болған (18), ал «Астана» 8 матчта үздік шыққан. Соңғы рет астаналықтар Саратов қаласы командасын 2022 жылдың 13 желтоқсанында жеңді (70:69).

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

«Бізді ұйымшыл ойын өрнегін көрсететін командамен кездесу күтіп тұр. Бұл ойында біз қорғаныста жеңілмей, қателікті аз жіберуге тырысып, жылдам әрі дұрыс шешім қабылдап, шабуылда ұйымдасқан ойын өрнегін көрсетуге талпынуымыз керек. Жанкүйерлерде командаға қолдау көрсету үшін велотрек алаңына шақырамын»

Матч: «Астана» — «Автодор»
Күні мен уақыты: 21 наурыз, 20:00
 Өтетін жері: Астана, «Сарыарқа» велотрегі
Трансляция: клуб сайтында


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»