«Астана Жастар» тұрақты маусымды аяқтады

17.03.2025, 18:30    Оқылғаны: 172
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Ұлттық Лиганың ерлер клубтары U-21 фарм-командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының V тур ойындары аяқталды, осылайша «Астана Жастар» тұрақты чемпионаттағы жарыс жолының нүктесін қойды. Тұрақты маусымның соңғы туры 13-17 наурыз аралығында өтті. Осы аралықтар командамыз 5 матч өткізіп, оның үшеуінде сенімді жеңіске қол жеткізді.

Барлық тур қорытындысында біздің жастарымыз жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты турнирлік кестесінде көш бастап тұр. Командамыз 21 ойында жеңіске жеткен. Енді «Астана Жастар» плей-офф жүйесі бойынша өтетін қорытынды VI турда бақ сынайды. Сол кезде чемпионаттың жеңімпазы мен жүлдегерлері белгілі болады.

Кездесулер нәтижесі:

«Астана-Жастар» — «Ақтөбе-фарм» 71:65
«Астана-Жастар» — «Барсы Атырау-фарм» 77:80
«Тобыл-фарм» — «Астана-Жастар» 71:86
«Астана-Жастар» — «Ertis 2» 74:62
«Алматинский  легион-М» — «Астана-Жастар» 104:98

«Астана Жастар» БК бас бапкері Антон Пономарев тұрақты маусымның соңғы турына қорытынды жасап, маусым туралы да пікірімен бөлісті:

— Бесінші турда орташа нәтиже көрсеттік, турнирлік кестедегі 1-орнымызды сақтап қала алдық, алайда екі ойында жеңіліс таптық.Жеңіліссіз жеңіс те болмайды! Бастысы – жігіттердің осыдан сабақалып,өздерімен жұмыс істеуін тоқтатпауы. «Астана Жастар» үшін маусым жақсы өтіп жатыр деуге болады. Ұлттық Лиганың жастар арасындағы чемпионатының тұрақты маусымында бірінші орын алддық. 25 ойынның 21-інде жеңіске жеттік, мақсаттарымыздың бірі орындалды. Алда маңызды кезең күтіп тұр. Астанада өтеті шешуші турға дайындықты бастаймыз.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»