Қазақстанның батысына сапарға аттандық

01.03.2025, 12:00    Оқылғаны: 174
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
1-2 наурызда «Астана» Қазақстан Ұлттық лигасы кезекті туры аясында сырт алаңда «Барсы Атырау» командасымен кездеседі. Екі матч та сағат 17:00-де басталады. Бұл астаналық команданың биылғы тұрақты маусымда сырт алаңда өткізетін соңғы ойындары болмақ.

Кездесулер тарихы

«Астана» атыраулық ұжыммен жалпы 66 рет кездескен. 57 матчта елордалық клуб жеңіске жетті. Соңғы рет «Астана» атыраулық қарсыласын 2025 жылдың 3 ақпанында 79:60 есебімен жеңді. Осы маусымның ақпан айында өз алаңымызда өткізетін ойындар сериясы сәтті аяқталып,  барлық 4 ұпайды еншіледік. Ал 2019 жылдың 6 ақпанында командалардың өзара кездесуіндегі ең ірі есеп тіркелді. Онда «Астана» +55 ұпай айырмашылығымен жеңіске жеткен еді – 109:65.

Команда көшбасшылары

«Астана» қарсыластарын әр кез ойынға арналған құрамымен таңғалдырады, дегенмен әр матчта орта есеппен 11 ұпай еншілейтін Әмірәли Сүлейменов команданың көшбасшы ойыншысы болып қала беріп отыр. Екі ұпайлық соққыларды жүзеге асыруда Сардал Абашидзе көш басында – 57%. Ал үш ұпайлық соққыларды жүзеге асыруда Захар Медовской үздік, ол өз мүмкіндіктерінің жартысын діттеген жеріне дәл жеткізеді. «Атырау» сапында бұл көрсеткіштер бойынша Аамер Мухаммад, Рамазан Самсин мен Абат Марат көш басында.

Қазақстан ұлттық құрамасы

«Барсы Атырау» Қазақстан ұлттық құрамасына қарсы екі жолдастық кездесу өткізді. Алайда команда құрамында біздің командамыздың үш ойыншысы Валерий Симонов, Сардал Абашидзе мен Әмірәли Сүлейменов болды. Қарсыластың бапкерлері толығымен ұлттық құрама сапында болғанын айта кету керек. 2025 жылғы Азия Кубогына іріктеудің соңғы ойынын құрамамыз 24 ақпанда Иранға қарсы өткізді.

«Астана» алдағы ойындарға қалай дайындалды?

Баскетболдағы халықаралық үзіліске байланысты командамыз соңғы реет ақпан айының басында ойнаған. 2-3 ақпанда «Астана» өз алаңында атыраулық ұжыммен сынға түскен еді. Алайда команда жаттығуды тоқтатқан жоқ. Жігіттердің бір бөлігі «Астана» негізгі құрамымен жаттықса, тағы бір бөлігі ерлер клубтарының 21 жасқа дейінгі жастар командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының төртінші турына қатысты. «Астана Жастар» командасының бес матчтың бесеуінде де жеңіске жеткенін айта кету керек.
«Астана» бас бапкері Михаил Лоншаков пен ойыншысы Валерий Симонов «Барсы Атырау» командасымен алдағы ойындар туралы пікірімен бөлісті.

Михаил Лоншаков, «Астана» БК бас бапкері:

- Алдағы ойынадарға дайындық жарыс тәртібінде жүрді. Өйткені, жастар арасындағы Қазақстан чемпионатына қатыстық, кейбір ойыншылар ұлттық құрамаға шақырту алған баскетболшылардың орнына негізгі құрам қатарына қосылды. Соңғы екі жаттығу қорытындысында ғана толық қалыпқа келіп, алдағы матчтарға дайындық жүргіздік. «Барсы Атырау» қорғаныста өте жақсы ойнайды, шабуылға жылдам көшеді. Біздің мақсат – қарсыластың жоғары қарқыны мен көшбасшы ойыншылары – қорғаныстағы америкалық легионерлеріне қарсы тұрып, шыдам көрсету.  Барлығы ойдағыдай, жоспарға сәйкес өтіп жатыр. Біз өзіміздің ең жақсы ойынымызды көрсеткіміз келеді және жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деп сенеміз. Біздің күшіміз – дамуға деген құлшыныста. Өзге ойыншылар «Астана» құрамында бекер жүрмегенін дәлелдеуі керек.

Валерий Симонов, «Астана» ойыншысы:

- «Барсы Атыраумен» Астанада өткен ойында қарсылас толық құрамымен өнер көрсеткен жоқ. Қазір олардың ұпайды жақсы олжалайтын легионері жарақатынан айықты. Оған қоса, қарсыластың жарақатынан айыққан бірнеше «бірінші» номірлі ойыншысы бар.Турнирлік кестедегі жағдайымызды жақсарту үшін екі ойында да жеңіске жетуіміз керек. Өткен айда қос матч өткіздік, олардың мықты және әлсіз тұстарын, қарсыластан не күту керек екенін білеміз. Осыларды өз пайдамызға қолдануға тырысамыз.

Матч: «Барсы Атырау» — «Астана»
Күні мен уақыты: 1-2 наурыз, 17:00
Өтетін орны: Атырау, AIROMARENA
Трансляция: клуб сайтында


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»