Бесінші команда
Биылғы маусымда «Уралмаш» Лиганың ортанқол командасы атағына таласып жатыр және Ростислав Вергун шәкірттері турнирлік кестеде ортаңғы орындарда келеді. Команда ақпандағы үзілістен кейін бірден ойынға бірден бейімделіп, «Локомотив-Кубаньді» 81:79 есебімен жеңді, алайда 3 күннен соң ЦСКА-дан ірі есеппен жеңіліс тапты – 109:65. Бүгінде «Уралмаш» турнирлік кестедегі бесінші орын үшін талас жүргізіп жатыр (18 жеңіс, 16 жеңіліс). Команданың турнирлік кестедегі жағдайын жақсартатын мүмкіндігі бар. Сондықтан қарсыласқа лайықты бағасын беріп, жақсылап дайындалу қажет.
Екатеринбургтік ұжымның құрамына жарақаттарынан айыққан Джеремайя Мартин мен Октавиус Эллис қайта қосылды. «Самарадан» келген Хэйден Далтон команданың көшбасшы ойыншыларының біріне айналды. «Локомотивпен» кездесуде ол өз командасына 22 ұпай алып берді және 6 рет допты алды. Сондай-ақ, +26 тиімділік көрсеткішін көрсетіп, ВТБ Бірыңғай Лигасы аптасының үздік бестігіне кірді. Осы кездесуде Джавонте Даглас та нәтижелі ойын өрнегін көрсетті – 17 ұпай, 9 рет допты алу. Ақпанда екатеринбургтік команда сапын толықтырған баскетболшылардың бірі – орталық ойыншы Илья Попов. «Самарадан» ауысып келген ойыншының осы маусымдағы көрсеткіші – 11.9 ұпай және 5.7. рет допты алу.
«Уралмаш» құрамындағы өзгерістер туралы бұған дейінгі аңдатпаларымыздан да оқуға болады.
https://pbcastana.kz/ru/news/?id=5798
Қатарға қайта қосылды
Ти Джей Старкс жарақатынан толық айығып, қатарға қайта қослыды және екі матч өткізіп үлгерді. Баскетболшы «Зенитпен» матчта алаңға шығып, сенімді ойын өрнегін көрсетті. Ал «Пари НН» командасына қарсы өткізген өз алаңымыздағы матчта кездесудің қаһарманы атанды. Старкс алаңға қайта бейімделіп келеді, одан «Уралмашпен» матчта жарқын ойын өрнегін күтеміз.
Кездесулер тарихы
ВТБ Бірыңғай Лигасы чемпионаты аясында командалар 7 рет кездескен, оның алтауында «Уралмаш» жеңіске жеткен. «Астана» бір ғана ойынды 80:72 есебімен өз пайдасына шешкен. Бұл нәтиже командалардың өткен маусымдағы алғашқы өзара кездесуінде тіркелді.
Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:
«Уралмаш – құрамы жақсы жасақталған команда. Олардың мәскеулік командамен өткізген соңғы кездесуі ұжымның шынайы мүмкіндіктерін көрсетпейді. Соңғы уақытта біз жақсы ойын өрнегін көрсетіп жүрміз. Алдағы матчта аз қателесіп, ойынға құрған жоспарды орындауымыз керек. Барлық жанкүйерді матчқа шақырамын, бізге сіздердің қолдауларыңыз керек».
Матч: «Астана» — «Уралмаш»
Күні мен уақыты: 8 наурыз, 14:00
Өтетін орны: Астана, «Сарыарқа» велотрегі
Трансляция: клуб сайтында