«Астана Жастар» жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының (U-21) V турын бастайды  

13.03.2025, 17:00    Оқылғаны: 194
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Баскетболдан Ұлттық Лиганың 21 жасқа дейінгі фарм-командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының V туры Алматыда өтеді.

13-17 наурыз күндері «Астана Жастар» командамыз 5 матч өткізеді. Қарсыластарымыз – «Ақтөбе-фарм», «Барсы Атырау-фарм», «Тобыл-фарм», «Ertis 2», «Алматинский Легион-М». Төрт турдың қорытындысында Антон Пономарев шәкіреттері турнирлік кестеде көш бастап тұр. Ал 4-турыда жігіттеріміз бірде-бір рет жеңіліс тапқан жоқ.

Матчтар кестесі:

13 наурыз. 18:00 – «Астана-Жастар» — «Ақтөбе-фарм»
14 наурыз. 15:00 – «Астана-Жастар» — «Барсы Атырау-фарм»
15 наурыз. 17:00 – «Тобыл-фарм» — «Астана-Жастар»
16 наурыз. 15:00 – «Астана-Жастар» — «Ertis 2»
17 наурыз. 13:00 – «Алматинский Легион-М» — «Астана-Жастар»

Матчтардың барлығы Kazakhstan Basketball Yotube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Жас таланттарымызға қолдау көрсетіңіздер!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»