«Астана» КБК мен «Отандастар Қоры» КеАҚ серіктестік туралы меморандумға қол қойды

05.03.2025, 11:30    Оқылғаны: 123
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» КБК мен «Отандастар Қоры» КеАҚ екіжақты келісімшартқа қол қойды. Меморандумға қол қою шарасы «Астана» КБК бас директоры Самсон Аракелян мен «Отандастар Қоры» КеАҚ президенті Данияр Қадыров қатысқан іскерлік кездесу барысында өтті.

Меморандум спорттық бастамаларды дамытуға, жастарды қолдау мен бірлеске іс-шаралар өткізуге бағытталған. Ерекше назар қандас студенттерді қолдауға, олардың спортта өздерін жүзеге асыруына көмектесуге және спорттық жетістіктер арқылы төл мәдениетімен байланысын нығайтуға аударылған. Кездесу барысында қос тарап Қазақстан спортын дамыту мен жастарды салауатты өмір салтын ұстану саласында осы серіктестіктің маңызды рөл ойнайтынын атап өтті.

Серіктестік аясындағы алғашқы спорттық іс-шара 2025 жылдың 13 сәуірінде өткізіледі деп жоспарланған. «Астана» қолдауымен қандас студенттер арасында 3х3 баскетбол форматында турнир өткізіледі. Бұл шара жас таланттарды қолдау мен спорттық байланысты нығайтуда маңызды қадам болмақ.

«Астана» КБК мен «Отандастар Қоры» КеАҚ серіктестік ұзақ мерзімге жалғасып, Қазақстан спортын дамытуда зор табыс әкелетініне, сонымен қатар қандас студенттер арасындағы спорттық рухты нығайтуға, олардың өз әлеуетін ашуына және елдің спорттық қауымдастығына сіңісуіне көмектесетініне сенімді.

Самсон Аракелян, «Астана» КБК бас директоры:

— Серіктестігіміздің басым бағыттарының бірі – баскетболдағы талантты этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуына жағдай жасау. Елімізде халықаралық ареналарда Қазақстан намысын абыроймен қорғай алатын жергілікті спортшылар жетіспейтіні жасырын емес. Қытайда, Моңғолия мен Ресейде тұратын этникалық қазақтар жоғары деңгейде жаттығып, өнер көрсететін мүмкіндікке ие. Ал бұл олардың келешекте еліміздің азаматы ретінде Қазақстан құрамасы мен «Астана» клубы сапында өнер көрсетуіне жол ашады. Бұл процестп Қор тарапынан көрсетілетін құқықтық және ақпараттық қолдау маңызды рөл атқарады.

Данияр Қадыров, «Отандастар Қоры» КеАҚ президенті:

— Спорт – әрдайым мықты біріктіруші фактор. Ол шекараларды бұзып, адамдарды біріктіреді және жастардың әлеуетін ашуға көмектеседі. Біздің ортақ мақсатымыз – қандас студенттерімізге жағдай жасап, олардың өзін көрсетуіне мүмкіндік пен қолдау көрсету және Қазақстан спортының дамуына үлес қосу. «Астана» кәсіби баскетбол клубына серіктес болуға деген ашықтық пен бірге жұмыс істеуге әзірліктері үшін алғыс айтамын.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»