Үздік сегіздік қатарындағы команда
Бүгінде «Парма» турнирлік кестенің 7-8-орнын «Автодормен» бөлісіп тұр. Қос ұжым да 14 ойында жеңіске жетіп, 21 матчта жеңіліс тапқан. 9-орындағы МБА-МАИ екі командаға да сәл есе жіберіп тұр – 13-22. Ақпан айындағы үзілістен кейін Евгений Пашутин шәкірттері 3 ойын өткізіп, «Пари НН» командасынан 88:81 есебімен ұтылып, «Автодорды» жеңді (79:79) және қазандық «УНИКС-ке» 89:71 есебімен есе жіберді.
«Парма» да кадрлық өзгеріске ұшырады. Команда сапын күтпеген жерден Стэнли Уиттакер толықтырды. Ол бұған дейін «Уралмаш» сапында ойнап, әр матчта орта есеппен 13.3 ұпай мен 3.9 пасты өз есебіне жазып жүрген. Ал «Пари НН» командасымен кездесуде ол тіптен нәтижелі ойын өрнегін көрсетті – 27 ұпай мен 8 пас. Сондай-ақ, осыдан бірнеше күн бұрын «Парманың» Алекс Хэмилтонмен (11.9 ұпай, 4.1 пас) келісімшартты үзгені туралы ақпарат шықты. Бұған Уиттакердің команда құрамына қосылуы және Хэмилтонның ойындағы рөлін әрі қарай Стэнли атқаратыны сеп болды деп жазылып жатыр. Дегенмен, Хэмилтонға Лигадағы сұраныс жоғары. Араға ұзақ уақыт салмай Стэнлидің маусым соңына дейін «Пари Нижний Новгород» командасымен келісімшартқа қол қойғаны белгілі болды.
Қарсылас туралы тағы бірер ақпарат:
* ВТБ Бірыңғай Лигасы Жұлдыздар матчы кезінде «Парма» туралы көп айтылды. Команда ойыншысы Гарретт Невелс үш ұпайлық соққыларды орындау кезінде қарсылас шақ келтірмесе, жас ойыншы Лев Свинин данк жарысында бақ сынады.
* «Автодормен» ойында Евгений Пашутин «Парманың» бас бапкері ретіндегі 50-жеңісіне қол жеткізді.
* «Чемпионат» басылымы «Парма» ойыншысы Егор Амосовты биылғы маусымның үздік жас баскетболшыларының тізіміне енгізді. Ол бұл рейтингте Данил Шеяновтан (Локомотив-Кубань) кейін 10-орын алды. Соңғы уақытта Егор «УНИКС», «Зенит» сияқты командалармен матчтарда көп ойын уақытын ала бастады.
Кездесулер тарихы
ВТБ Бірыңғай Лигасы чемпионаты аясында командалар өзара 19 рет кездескен. 7 матчта «Астана» жеңіске жетсе, 12 ойын «Парманың» пайдасына шешілген. Соңғы рет астаналық команда «Парманы» 2022 жылдың 13 қазанында 84:72 есебімен жеңген.
Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:
- Парма – өз ойынымен чемпионаттың көшбасшы командаларына да қиындық туғызатына ұжым. Ал бізге ойын жоспарын жүзеге асыруда тұрақтылық танытып, бір-біріміз үшін барымызды салып ойнауымыз керек.
Матч: «Парма» — «Астана»
Күні мен уақыты: 11 наурыз, 19:30
Өтетін орны: Пермь, «Молот» СС.
Трансляция: клуб сайтында