Турнирлік кестедегі бәсекелестік
Бүгінде «Пари Нижний Новгород» командасы ВТБ Бірыңғай Лигасы турнирлік кестесінде 7-орында келеді – 14 жеңіс, 19 жеңіліс. Саратовтың «Автодорының» да нәтижесі дәл осындай, команда 6-орында. Ал «Парма» қоржынында бір жеңіске кем – 13 жеңіс, 20 жеңіліс, 8-орын. Бұған дейін «Пари НН» қатарынан 6 ойында жеңіліс тапты, атап айтса, «Автодордан» (83:66), «Локомотив-Кубаньнан» (101:86), МБА-МАИ-ден (84:76), «Енисейден» (88:77), «Зениттен» (94:79) және «Уралмаштан» (74:79).
Үзілістен кейін «Пари НН» бұл сәтсіз серияны «Пармаға» қарсы сенімді ойынмен (88:91) үзді. Сол ойында шабуылдаушы қорғаушы Игорь Вольхин ерекше көзге түсті. Алаңда өткізген 32 минуттың ішінде ойыншы 26 ұпай (жеке рекорды) олжалап, үш ұпайлық соққының сегізін (8/11) дәл орындап, тиімділік рейтингісінде 27 ұпай алды. Ол алыстан жасалған соққылар бойынша маусымдық рекордты (8) қайталап, командасының ең нәтижелі ойыншысы атанды. Нижний Новгород қаласы командасының Қазақстан астанасына ерекше дайындықпен келері сөзсіз.
Наталлсыз
Нижний Новгород қаласы ұжымына ұпай саны бойынша көшбасшы ойыншыларының бірі Зак Наталлдың командадан кетуі өз әсерін тигізуі мүмкін. Ол мансабын Қытайда жалғастыруға шешім қабылдаған. «Пари НН» сапындағы оның орташа статистикасы келесідей болды: 17.2 ұпай, 3.3 рет допты алу, 2.8 пас.
Кездесулер тарихы
Командалар бұған дейін 28 рет кездескен, 23 рет «Пари Нижний Новгород» жеңіске жетсе, 5 матч «Астананың» пайдасына аяқталған. Соңғы рет «Астана» Нижний Новгород қаласы командасын 2023 жылдың 15 желтоқсанында 92:61 есебімен жеңді.
Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:
«Бізді мықты командаға қарсы ойын күтіп тұр. Ойынға құратын жоспарымызды орындап, аз қателесіп, өз соққыларымызды орындауымыз керек. Командаға қолдау көрсету үшін жанкүйерлерді ойынға шақырамын».
Матч: «Астана» — «Пари Нижний Новогород»
Күні мен уақыты: 4 наурыз, 20:00
Өтетін орны: Астана, «Сарыарқа» велотрегі
Трансляция: клуб сайтында