ЦСКА – Астана матчына аңдатпа

12.02.2025, 16:00    Оқылғаны: 199
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
ВТБ Бірыңғай Лигасы чемпионына қарсы ойнау үшін Мәскеуге аттандық. Матчта қарсыластан не күтуге болады, толығырақ материалдан оқыңыздар.

Турнирлік кестеде екінші орында

«Астана» мен ЦСКА арасындағы соңғы ойыннан бері (2025 жылдың 5 қаңтары), мәскеулік ұжым ВТБ Бірыңғай Лигасы турнирлік кестесінде екінші орынға түсіп қалды. Команда 26 ойында жеңіске жетсе, 5 матчта жеңіліс тапқан. ЦСКА соңғы бес ойынның төртеуінде жеңіп, біреуінде жеңілген. Мәскеулік ұжым 86:94 есебімен «Пари Нижний Новгородты» жеңіп, «Самараны» ойсырата ұтты – 44:102. Сондай-ақ, Екатеринбургте «Уралмашты» ұтып (67:94), Саратовтың «Автодорынан» да басым түсті (108:83). Андреас Пистолис шәкірттері ақпанда тек «Зенитке» ғана жол берді – 66:97.

Көшбасшы ойыншылар

Мәскеулік ұжымның көшбасшы ойыншылары туралы бұған дейін мақалаларымызда жазғанбыз, келесі матч алдында да сол материалды оқып шығуға кеңес беріміз: https://pbcastana.kz/ru/news/?id=5745

ЦСКА-ның бір ойыншысы тұрақты түрде аптаның үздік бестігіне енетінін айта кету керек. Өткен аптада (3-9 ақпан) бұл қатардан Каспер Уэйр табылды. Соңғы екі ойында ол 18.5 ұпай, 5.0 пас еншілеп, әрекеттерінің тиімділігі үшін 22.0 балл алған.

Жұлдыздар

ВТБ Бірыңғай Лигасы Жұлдыздары матчына ЦСКА сапынан Никита Курбанов (4.4 ұпай, 3.8 рет допты алу) пен Антон Астапкович (7.8 ұпай, 3.3 рет допты алу) қатысады. Олар «Қонақтар» сапында өнер көрсетеді. Алекса Аврамович (13.6 ұпай, 3.5 пас) пен Мело Тримбл (14.6 ұпай, 4.0 пас) «Алаң иелері» құрамында өнер көрсетеді. Ал «Қонақтар» командасының бас бапкері Андреас Пистолис болады.

Кездесулер тарихы:

ВТБ Бірыңғай Лигасы чемпионаты аясында командалар 31 рет кездескен және барлық кездесу мәскеулік ұжым пайдасына аяқталған. Барлық ойындардың ішінде астаналықтар 2019 жылдың 15 желтоқсанында өткен матчта жеңіске бір қадам жақын болған. Ол кезде кездесу 104:91 есебімен ЦСКА пайдасына шешілген.

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

«Өз мақсатымыздың соңынан жүруді жалғастырамыз. Сырт алаңға толық құраммен бармаймыз, жастар көп ойын уақытын және өзін көрсетуге мүмкіндік алады. Күрес көрсетіп, ойыннан ләззат алуға тырысамыз».

Матч: ЦСКА – «Астана»
Күні мен уақыты: 13 ақпан, 21:30
Өтетін орны: Мәскеу, Мегаспорт.
Трансляция: клуб пен ВТБ Бірыңғай Лигасы сайтында


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»