«Астананың» екі тәрбиеленушісі ВТБ Бірыңғай Лигасында дебют жасады

14.02.2025, 14:30    Оқылғаны: 147
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астананың» екі ойыншысы ВТБ Бірыңғай Лигасындағы алғашқы матчтарын өткізді.

Валерий Симонов 8 жарым минут ойын уақытын алды. Ойыншының ұпйа еншілейтін бірнеше мүмкіндігі болғанымен, ЦСКА-ға қарсы матчта қоржынын майлай алмады.
«Астана» шабуылшысы Валерий Симонов Лигадағы дебюттік матчынан алған әсерімен бөлісті:

«Дебют жақсы өтті. Ойын уақытын алдым, командаға пайдамды тигізуге тырыстым. Ұпай еншілейтін мүмкіндік болды, сәл сәттілік жетіспеді. ВТБ Бірыңғай Лигасындағы алғашқы матчтан алған әсерім керемет. Лигада дебют жасағаныма әрі бұл сәт ең титулы көп ұжым ЦСКА-ға қарсы ойында орын алғанына қуаныштымын. ВТБ мен Ұлттық лига арасындағы айырмашылық жер мен көктей: мұндағы жылдамдық басқаша, ешешім қабылдауға берілетін уақыт аз, қателіктер кешірілмейді. Жалпы айтқанда, баскетбол да, ойыншылар деңгейі де басқаша».



Ал Илья Пестов болса, Лигадағы алғашқы матчында 11 минуттай (10:44) ойын уақытын алып, 4 ұпай еншіледі, 1 рет допты алды. Сондай-ақ, үш рет допты тартып алды. Жақсы нәтиже!

Шабуылшы Илья Пестов та ойыннан кейін Лигадағы дебюті жайлы пікірін айтты:

«Өкінішке қарай, командамыз жеңіліс тапты. Егер жеке өз басым туралы айтсам, дебютітк ойыным жақсы өтті. Алған әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Осындай аренада әрі ЦСКА сияқты командаға қарсы ойында дебют жасағаныма қуаныштымын. Мықты командаларға қарсы ойнау – әрдайым жақсы тәжірибе. Ұлттық Лигамен салыстырғанда, деңгей өзгеше. ВТБ Бірыңғай Лигасындағы ойыншылар менталдық та, физикалық тұрғыдан да жақсы даярланған».

Жігіттерді дебютімен құттықтаймыз! Лигадағы алғашқы қадам жасалды.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»