Аңдатпа: Уралмаш – Астана

05.02.2025, 18:00    Оқылғаны: 285
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Астаналық ұжым ВТБ Бірыңғай Лигасы аясындағы кезекті матчын өткізу үшін Екатеринбургке аттанды. Бұл жолғы қарсыласымыз – «Уралмаш». Матчқа дайындық туралы толығырақ материалда.

4 қарашада Екатеринбургтеөткен соңғы ойында қарсыласқа тек 10 ұпай айырмашылығымен есе жібердік (72:62). Алдағы матчта да қарсыласпен жеңіс үшін лайықты талас жүргізе аламыз деп айтуға толық негіз бар, алайда алдымен қарсыласымыз бетпе-бет келген кейбір жаңа факторларды есепке алу қажет.

Қарсылас құраммен жаңа тәжірибе жасап көріп жатыр ма?

Бас бапкер Ростивлав Вергун мен оның шәкірттері әлі де болса командадағы жарақаттарға байланысты мәселелермен бетпе-бет келіп отыр. Қаңтарда «Пари НН» командасымен өткен матчта «Уралмаш» топ-скорерлерінің бірі Джеремайя Мартин балтыр бұлшықетінен жарақат алды. Оның жарақаттан айығып, қайта қалпына келуіне бірнеше апта керек. Ол командада жарақат алған жалғыз ойыншы емес. Дәл сол матчта «Уралмаштың» тағы бір ойыншысы Стэнли Уиттакер шаммаен алдағы төрт аптада командаға көмектесе алмайды, себеп – сіңір жарақаты.

Алайда Уиттакерді енді екатеринбургтік команда құрамында көрмеуіміз де мүмкін. Бүгін «Уралмаш» БК президенті Виктор Владимирович Ганиенко МАТЧ ТВ арнасына берген сұхбатында клубтың Никита Балашовпен және Стэнли Уиттакермен келісімшартты үзетінін растады. Олардың командадағы орнын «Самараның» экс-ойыншылары Антон Карданахишвили (10.7 ұпай, 4.1 пас, 3.2 рет допты алу) басып, Иван Пынько (4.9 ұпай, 3.6 рет допты алу) клубқа қайта оралады.

Соңғы бес ойын «Уралмаш» үшін жеңіл өтті деп айту қиын. Осыдан бірнеше күн бұрын екатеринбургтік команда «Енисеймен» тең деңгейде өнер көрсетіп, 86:90 есебімен жеңіске жетті. Ал «Пармамен» матчта қарсылас басымырақ болды – 88:84. ЦСКА-мен ойында «Уралмаш» жеңіліс тапса (67:94), «При НН-мен»  матчта жеңімпаз атанды (74:79) және «Автодормен» кездесуді де Ростислав Вергун шәкірттері өз пайдасына шешті – 67:76.

Екатеринбургтік команда құрамына Хэйден Далтон бірден сіңісіп кетті десе артық айтқандық емес, себебі соңғы ойындарда ол орта есеппен 27.0 ұпай еншілеп, 6.0 рет допты алып, 3.0 пас беріп жүр. Ол осы нәтижесінің арқасында ВТБ Бірыңғай Лигасы аптасының үздік бестігі қатарына енді. Ал жақында ғана жарақатынан айығып, алаңға қайта оралған Октавиус Эллис әзірге өз деңгейде өнер көрсете алмай жүр. «Уралмаштың» соңғы ойынында ол бар болғаны 2 ұпай ғана еншіледі.

Кездесулер тарихы

ВТБ Бірыңғай Лигасы чемпионатында командалар өзара 6 рет кездескен, оның бесеуінде «Уралмаш» жеңіске жеткен. Тек бір кездесуде «Астана» жеңімпаз атанған. Командалар өткен маусымда алғаш рет өзара матч өткізіп, онда «Астана» 80:72 есебімен жеңіске жеткен болатын.
 
Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

«Бізді өте жақсы командалардың біріне қарсы матч күтіп тұр. Соңғы жаңалықтарға сенсек, команда қатары тағы екі ресейлік ойыншымен толыққан. Тағы да белгілі себептерге байланысты ойынға толық құрамда дайындық жүргізе алмадық, дегенмен «Уралмашпен» лайықты деңгейде күрес жүргізу үшін барымызды саламыз».

Матч: «Уралмаш» — «Астана»
Күні мен уақыты: 6 ақпан 20:00  
Өтетін орны: Екатеринбург, КСТС
Трансляция: клуб пен ВТБ Бірыңғай Лигасы сайтында


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»