Астаналықтар сырт алаңдағы матчтар сериясын аяқтады. Команданың ендігі қарсыласы – красноярскілік «Енисей». Чемпионаттағы күшті тең бөлу, қарсылас пен ойынға дайындық туралы толығырақ материалда.
Тоғызыншы команда
«Астананың» сырт алаңда «Енисейге» (90:73) қарсы өткізген матчынан бері бір айға жуық уақыт өтті және қарсыласымыздың турнирлік кестедегі орны өзгерген жоқ деуге болады. Красноярскілік клуб қоржынына қос жеңісті байлады: «Автордорды» 81:75 есебімен, ал Сергей Козин шәкірттерін 88:77 есебімен жеңді. Сонымен қатар, «УНИКС-пен» ойында лайықты күрес көрсетіп, 6 ұпай айырмашылығымен ғана жеңіліс тапты – 60:66. Алайда «Енисей» биылғы маусымдағы басты қарсыластарының бірі «Пармамен» ойында жеңіске жете алмады. Йовиц Арсич шәкірттері қарсыласына 77:74 есебімен есе жіберді.
«Енисейдің» турнирлік кестедегі жағдайы өзгеріссіз – команда тоғызыншы орында (9 жеңіс, 17 жеңіліс). Красноярскілік команда плей-оффқа шығу үшін күрес жүргізетіні сөзсіз, онымен қоса олардан бір саты төмен тұрған «МБА-МАИ» де кестедегі жағдайын жақсарта алады (8-18). Сегізінші орында тұрған Саратовтың «Автодоры» (10-16) мен «Пари Нижний Новгородтың» (11-15) жағдайы жақсы деп айту қиын. Осыдан бір ғана қорытынды жасауға болады – чемпионаттың екінші жартысында командалар жеңіліс санын есептеп, оны азайтуға талпынады. Демек, бұл біздің командамыздың да қателік жіберуге мүмкіндігі азайды деген сөз.
«Жұлдыздар»
16 ақпанда Мәскеуде Жұлдыздар матчы өтеді және оған «Енисей» ойыншысы Тимофей Герасимов «Алаң иелері» құрамында қатысады. Биылғы маусымда ол 12.9 ұпай олжалап, 5.4 пас берген және допты алу көрсеткіші – 4.0.
Кездесулер тарихы
ВТБ Бірыңғай Лигасы чемпионатында командалар өзара 24 кездесу өткізген. 18 матчта «Енисей», 6 ойында «Астана» жеңіске жетті. Соңғы рет астаналықтар «Енисейді» 2020 жылдың 1 наурызында 64:78 есебімен жеңген.
Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:
- «Енисейге» қарсы матчта қорғаныста да, шабуылда да үйлесімді ойын өрнегін көрсету керек. Әзірге шабуылдағы ұйымшылдық деңгейіміз төмен, алайда біз онымен жұмыс істеп жатырмыз. Алдағы матчта алаңда тәртіп ойын көрсетеміз деп үміттенемін.