Чемпиона көшбасшысына қарсы тұра алмадық

05.01.2025, 19:00    Оқылғаны: 138
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
ВТБ Бірыңғай Лигасы көшбасшы командасы – ЦСКА алғашқы минуттардан бастап ойынды өз бақылауына алды. Мұндай мықты қарсыластан басқа ойын өрнегін күту мүмкін де емес, алайда доп матчқа қосылған кезде оны біздің орталық ойыншымыз Андрей Десятников жеңіп алды. Өкінішке қарай, командамыз үшін ойын қиын басталды: астаналықтар ұзақ уақыт бойы нәтижелі соққы жасай алмады (0:14), бұл сәтсіздікті Дэниэл Утоми оырндаған айып соққысының көмегімен ғана тоқтата алдық. Одан соң ол бірден екі үшұпайлық соққы жасады, ал Андрей Десятниковтің данкі командаға эмоциналды тұрғыдан дем берді. Алайда бірінші ширек қарсылас пайдасына шешілді – 9:22.

Екінші ширекте Глеб Плотников шәкірттері есептегі 13 ұпайлық айырмашылықты қысқартқысы келгенімен, қарсылас оны ұлғайта түсті. Орталық ойыншылар матчтың бағытына біраз өзгеріс енгізе білді. Андрей Десятников керемет блок-шоттар жасаса, Асқар Майдекин Григорий Мотовиловтің пастарын қағып алды. Мотовилов болса, өз кезегінде айып соққыларын дәл орындады. Осының бәрінің арқасында командамыз мықты қарсыласпен матчта ойын ырғағына ілесе білді. Дегенмен, қателіктер (13:5 – қарсылас пайдасына) мен Алекса Аврамовичтің орталық алаңнан жасаған дәл соққыларының арқасында мәскеуліктер үзіліске айқын басымдықпен аттанды – 53:21.

Ойынның үшінші бөлігінде ЦСКА есеп айырмасын одан сайын ұлғайта түсті. «Астана» қорғаныста мәселелермен бетпе-бет келгенімен, команда берілген жоқ. Қорғаныстағы мықты ойын мен Григорий Мотовиловтың бірнеше нәтижелі шабуылының арқасында команда матчқа қойған мақсатынан тайған жоқ. Алайда үшінші ширектің соңына таман мәскеуліктер 42 ұпаймен алда болды – 77:35.

Қорытынды он минуттықта «Астана» өте жақсы өнер көрсетті. Команда капитаны Рустам Мурзагалиев сенімді шабуылдар ұйымдастырса, Оразбеков орталық алаңнан жақсы шабуылдар жасады. Андрей Десятников сақина астындағы басымдығын жалғастырып, қарсыласқа тосқауыл болды. Команда мінез көрсетіп, ойында 55:99 есебімен аяқтады. ЦСКА – жеңімпаз. Қорытынды есепке қарамастан, «Астана» ойыншыларының соңына дейін күресуге деген ынтасын ерекше атап өту керек.

 «Астана» — ЦСКА 55:99 (9:22, 12:31, 14:24, 20:22)

«Астана»: Григорий Мотовилов (15 ұпай, 4 пас),Дэниэл Утоми (10 ұпай), Аскар Майдекин (7 ұпай)

Глеб Плотников, «Астана» бас бапкерінің міндетін атқарушы:

— «Алдымен Антон Астапковичке денсаулық тілеймін. Кәсіби спорт болғандықтан, мұндай жағдайлар болып тұрады. Әрине, әдеттегіден аз болса деп тілейсің. Екіншіден, тағы да ойында 29 қателік, бар болғаны – 9 пас. Бұл өте аз… Пас арқылы ойнауға тырысу керек, командалық ойын өрнегін көрсету қажет. Тағы да ойынның екі бөлігінде екі түрлі матч көрсеттік. Әсіресе, төртінші ширекте жігіттер допты жақсы қозғалтты, ашық соққылар жасады және олар нәтижелі болды. Бірақ, ойыншылар жекелей ойын өрнегін көрсетуі жөн емес, мұндай баскетбол қызықсыз әрі тиімсіз».


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»