Астаналық дерби елордада жалғасады

06.01.2025, 18:30    Оқылғаны: 81
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
7-8 қаңтар күндері «Астана» Ұлттық Лига тұрақты чемпионаты аясында өз алаңында «Irbis Alatau» командасын қабылдайды. Алғашқы матч сағат 15:00-де, екінші ойын 20:00-де басталады. Командалар осыдан шамамен бір ай бұрын командалар Алматыда кездесулер сериясын өткізген. Алматылық ұжым еліміздің қазіргі чемпиондары екенін айта кету керек. Екі команда бұған дейін өзара 13 кездесу өткізген. 9 матчта «Астана» қарсыласынан басым түскен.

Екі ойын да Академия залында өтеді. Команданың бас бапкері Михаил Лоншаков пен шабуылшы Валерий Симонов алдағы матчтар туралы пікірімен бөлісті.

Михаил Лоншаков, «Астана» бас бапкері:

- Командаға аздаған үзілістен кейін жаттығуларға қайта кірісті. Жандарбек Абылайхан ғана қатарға қосыла алмады, қалғанының бәрі дайын! Қарсыласымыз қазір турнирлік кестеде көш басында келеді. Команда жақсы легионерлер және тәжірибелі қазақстандық ойыншылардан жасақталған. Жанкүйерлерді алаңның әр бөлігінде күрес жүргізетін жас командамызға қолдау көрсетуге шақырамыз!

Валерий Симонов, «Астана» шабуылшысы:

- «Irbis Alatau» — тәжірибелі ойыншылардан жасақталған жақсы команда. Қазір олар чемпионатта көш бастап келеді, сондықтан біздің де бұл матчтарға дайындығымыз жоғары деңгейде. Ойынға дайындалып, қарсыласты зерттеп жатырмыз. Өз ойынымызды көрсетуге тырысамыз. Қазір команда жақсы физикалық деңгейде. Кішкене демалдық, баскетболды сағындық және соңғы секундқа дейін күрес жүргізетін боламыз. Команданың матчтарға дайындығы өте жоғары.  


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»