Аңдатпа: «Енисей» — «Астана»

24.12.2024, 16:30    Оқылғаны: 43
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Астаналық команда 2024 жылдағы соңғы матчын Красноярскіде өткізеді. Бұл жолғы қарсылас «Енисей» командасы. Мұндай қарсыласпен ойында нені ескеру керек – толығырақ материалдан оқи аласыз.

2024/2025 жылдар маусымында «Енисей» өткен жылғы команданың бейнесіне ұқсас. Себеп – клубтың көшбасшы ойыншыларының өзге командаларға ауысуы, әсіресе Ксавьер Ратан Мэйтс («Реал»), Джеремайя Мартин («Уралмаш»), Микаэл Хопкинс («Фукусима Файрбондс», Жапония), Бо Бич («Формоса Димерс», Тайвань), Владимир Карпенко (ЦСКА) сынды ойыншылардың жоқтығы сезіліп жатыр. Дегенмен де, Красноярскіден көшбасшылар кеткенімен, бас бапкер Йовица Арсич маусымда нәтижелі ойын өрнегін көрсету үшін тиімді құрамды жасай алмай келеді. Әзірге табыс тұрақсыз – турнирлік кестедегі 10-орын (6 жеңіс, 15 жеңіліс). Бәлкім, нәтиже төмендігі құрамда ғана емес, командалар санының азаюында (осының арқасында плей-оффқа талас арта түседі) және ВТБ Бірыңғай Лигасының жаңа күнтізбесі бола (4 айналым).

«Енисей» бірқатар жақсы ойындар өткізді және «Пари Нижний Новгород» (79:77) командасын жеңді, екі рет «Пармадан» (89:61, 64:81) басым түсті, МБА-дан мықтырақ болды (58:72, 78:76) және қарашада «Локомотив-Кубаньді» жеңуге жақын болған (70:73).

Топ-скорерлер арасында «Енисей» ойыншыларынан көш басында: Виктор Сандерс (12.7 ұпай), Тимофей Герасимов (12.3 ұпай), ал допты алуда Сергей Долинин үздік (орта есеппен 5.6).

Ұлттық Лигада ойнадық

ВТБ Бірыңғай Лигасындағы «Пармаға» қарсы қиын матчтан кейін астаналықтардың жылды жақсы нәтижемен аяқтағысы келетіні сөзсіз. Бұл командамыздың қолынан да келді. «Астана» Ұлттық Лигада өнер көрсетіп, 21-22 желтоқсанда ақтаулық «Каспийді» қабылдап, екі сенімді жеңіске қол жеткізді. Бірінші кездесу 98:60 есебімен, екіншісі 87:70 есебімен аяқталды. Екі ойында да «Астана» капитаны Рустам Мурзагалиев ерекше көзге түсті – 21 және 14 ұпай. Сонымен қатар, жарақатынан толық айыққан Григорий Мотовилов алаңға шықты (13 ұпай, 8 пас), Асқар Майдекин дабл-дабл жасады (11 ұпай, 11 рет допты алу). Бұл жетістік ВТБ Бірыңғай Лигасы тұрақты чемпионаты аясында өткізетін биылғы жылдың соңғы матчына жақсы энергия береді.

Кездесулер тарихы

ВТБ Бірыңғай Лигасы чемпионаты аясында командалар 23 рет өзара кездескен. Оның 17-сінде «Енисей», 6 матчында «Астана» жеңіске жеткен. Астаналықтар соңғы рет «Енисейді» 2020 жылдың 1 наурызында 64:78 есебімен жеңген.

«Астана» бас бапкерінің міндетін атқарушы Глеб Плотников сырт алаңдағы матч  жайында:

«Жақсы қарсыласқа қарсы ойнаймыз. Жанкүйерлерді әдемі ойынмен қуанту үшін бар күшімізді саламыз. Иә, Гриша ұзақ үзілістен соң арамызға қайта оралды. Ол оңалту процесі әлі жалғасып жатқанына қарамастан, паркетте командаға көмектескісі келеді. Ойын арқылы бұрынғы физикалық формасына жылдам келеді деп сенеміз».

«Астана» БК ойыншысы Григорий Мотовилов «Енисеймен» болар матч туралы:

«Енисей» — кей сәттерде сапалы баскетбол көрсететін жақсы команда. Сондықтан бізге қорғаныста өте жоғары зейінділікпен ойнап, бапкерлердің тапсырмасын орындау керек. Сонда жақсы нәтижеге қол жеткізе аламыз. Денсаулығым жақсы, алаңға қайта оралғаным үшін қуаныштымын».
Матч: «Енисей» – «Астана»

 
Дата и время: 25 декабря, 17:30
 
Өтетін орны: Красноярск, «Север» Арена
 
Трансляция: клуб сайтында, ВТБ Бірыңғай Лигасы сайтында


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»