Екі астана дербиі

09.12.2024, 16:30    Оқылғаны: 124
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Астаналық ұжым Қазақстанның Ұлттық Лигасы тұрақты чемпионаты аясында «Irbis Alatau» командасына қарсы екі матч өткізеді. Кездесулер 10-11 желтоқсан күндері өтеді. Алматылық ұжым Ұлттық Лиганың қазіргі чемпионы екенін айта кету керек. Оңтүстік астанамыздың командасымен кездесу алдында бас бапкер Михаил Лоншаковпен және Абылайхан Жандарбекпен сұхбаттастық. Олар сырт алаңдағы матчтарға дайындық пен команданың қазіргі жағдайы туралы айтты.

Михаил Лоншаков, «Астана» бас бапкері:

- «Ирбис» туралы не айта аласыз?
- Сырт алаңдағы алғашқы ойындарымызды «Ирбис» командасына қарсы өткіземіз. Қарсылас құрамы жақсы легионерлермен толықтә әрі тәжірибеді қазақстандық ойыншылар бар. Серия оңай болмайды, себебі жас ойыншыларымыз ойнайды. Көшбасшыларымыз – Сәрсенғалиев пен Оразбековсіз тәжірибелі командаларға қарсы ойнау қиын болмақ.

- Өткен матчтарға негізгі құрам ойыншылары қатысты, қазір олар да сырт алаңда. Жігіттерге «Ирбиске» қарсы ойнау қиын бола ма?
- Кез келген жағдайда бұл – жас ойыншылар үшін тәжірибе мен даму үшін берілген мүмкіндік.

- Команданың қазіргі жай-күйі қалай? Ойыншылардың дайындығы қандай? Жарақат алғандар жоқ па?
- Команданың дайындығы жоғары деңгейде, бәрінің денсаулығы жақсы, барлығы күрес жүргізіп, алаңда өзін дәлелдеуге әзір.

- Ұзақ уақыттан бері алғаш рет команда бірден 4 ойын өткізеді. Қысқа уақытта ойыншылар қалай жылдам қалпына келеді?
- «Ирбиспен» ойындардан кейін екі күн үзіліс бар, одан соң «Алматинский Легион» командасымен кездесеміз. Жастар үшін екі күн жеткілікті.



Абылайхан Жандарбек, «Астана» ойыншысы:
- «Ирбиспен» алдағы ойындар туралы ойың?
- Алда өтетін «Ирбиспен» ойындар сериясы оңай болмайтыны анық. Біздің міндетіміз – жоғары ойын деңгейін көрсетіп, бапкер тапсырмасын бұлжытпай орындау.

- Қарсыласты қалай бағалайсың?
- «Ирбис-Алатау» – турнирлік кестеде екінші орында тұрған мықты командалардың бірі. Олардың құрамында тәжірибелі қазақстандық ойыншылар мен жақсы легионерлер бар.

- Команданың алдағы ойындарға дайындығы қалай?
- «Ирбиспен» матчтар сериясына тыңғылықты дайындық жүргіздік, команда жақсы физикалық формада және жеңіске жету үшін барын салуға дайын. Өз күшімізге сенсек, барымызды салып ойнасақ, жақсы нәтиже көрсетуге мүмкіндігіміз бар.



Матчтар 10-11 желтоқсан күндері Алматыда өтеді. Ойындар сағат 17:00-де басталады. Ойынның тікелей көрсетілімін біздің сайтымыздан қарауға болады. Командамызға бірге қолдау көрсетейік!
 


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»