Матч тағдыры ойынның екінші жартысында шешілді

09.12.2024, 15:00    Оқылғаны: 90
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Ойынның алғашқы ширегі бойы командалар бірдей деңгейде өнер көрсетті. «Астананың» қарсыласымен күресуге дайын екендігі көрініп тұрды. Дәстүрге сай, кездесу есебін қазақстандық ұжым ойыншысы Рустам Мурзагалиев өзінің үш ұпайлық соққысымен ашты. Ойынның алғашқы жартысындағы қарқынды дәл осы Мурзагалиев жасады: капитан 3 үш ұпайлық соққының авторы атанды (1-ширекте), әрі бұл мәскеулік ұжымның есепте алға озып кетуіне мүмкіндік бермеді. Алаң иелері сапынан Евгений Вороновтың алыстан жасаған соққысы ғана діттеген жеріне дәл жетті. Бірінші ширек. Екі ұпай айырмашылығымен МБА-МАИ алда – 19:17.

Екінші ширекте біздің командамыз тағы нашар ойын өрнегін көрсетті. Мсәкеуліктер 8:0 есебімен алғы кетіп, астаналық команда бас бапкерінің міндетін атқарушы Глеб Плотниковті ойын жоспарын талқылау үшін тайм-аут алуға мәжбүрледі. Бұл он минуттықта «Астана» біразға дейін ұпай еншілей алмады, алайда кезеңнің екінші жартысында Утоми 2+1 ұпайы, Оразбеков пен Десятниковтің байланысы, Майдекиннің сақина астындағы жұмысының арқасында команда өзіне қажетті ұпайларын еншілей бастады. Өкінішке қарай, «Астана» қорғаныста жеңілді (17-27 допты алу), ал МБА-МАИ болса, дәл осы сәтте өзін сенімді сезіне бастады. Таблодағы есеп – 37:25.

Үзіліс «Астанаға» пайдасын тигізіп, Глеб Плотников шәкірттері үшінші он минуттықты сенімдірек өткізіп, кезең тең басталды – 5-6. Әрі қарай қарсылас ойыншысы Владислав Трушкин белсендірек ойнай бастап, командасына 5 ұпай әкелді, сөйтіп МБА-МАИ есепте 15 ұпай айырмашылығымен алға кетті. Бұған Походяев жауап қатып, Галин Смит Данил Касаткинге блок-шот қойды. 51:38 – есепте мәскеулік команда алда.

Дэниэл ойынның соңғы он минуттығында жарқырады. Кезең басында ол сақина астында команда капитанынан керемет пас алды, бірнеше рет Кобе Брайанттың стилінде шабуыл жасады. Алайда бүгін МБА-МАИ-ді жеңу үшін Походяев пен Щербактың соққылары, Майдекиннен сақина астында көбірек қысым қажет болған. Қарсылас осы қателіктерді қолданып, жеңіске жетті. Соңғы минуттарда алаңнан тағы қазақстандық жас ойыншылар Сардал Абашидзе мен Мағжан Сәрсенғалиевті көргеніміз қуантты.

МБА-МАИ — Астана 73:49 (19:17, 18:8, 14:13, 22:11)

МБА-МАИ: Макар Коновалов (15 ұпай, 7 пас), Иван Белоусов (11 ұпай), Владислав Трушкин (10 ұпай,7 рет допты алу).
Астана: Даниэл Утоми (16 ұпай, 4 рет допты алу), Рустам Мурзагалиев (11 ұпай, 5 рет допты алу), Андрей Десятников (7 ұпай, 5 рет допты алу).

Василий Карасев, МБА-МАИ бас бапкері:

- «Бастысы – берілмей, жұмыс істедік, бізде де қателіктер болды. Қорғаныста айтарлықтай жақсы ойнадық. Шабуылдар сапалырақ болса дейсің. Ү шұпайлық соққыларды жүзеге асыру көрсеткішіміз өте төмен… Ойынға қойған басты мақсатымыз – жеңіске жету, көп ойын уақытын алмайтын баскетболшыларымызға өзін көрсетуге мүмкіндік беру болған. Біз оларға қол жеткіздік».

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:

— «Қорғаныста айтарлықтай жақсы ойнадық, тек қарсыластың допты алуына көп мүмкіндік беріп қойдық. Әлі де сол баяғы мәселелермен жұмыс істеп жатырмыз, атап айтсақ, қателіктер, соққыларды жүзеге асыру мен оларды ұйымдастыру. Жалпы, шабуылды есепке алмағанда, қорғаныс жағынан сәтті ойын өткіздік».
 
 


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»