УНИКС-ке жол бердік

04.12.2024, 23:00    Оқылғаны: 130
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Мачт жарқын сәтпен басталды: Галин Смит қарсылас шабуылшысы Акун-Перселдің кездесу есебін ашуына мүмкіндік бермей, керемет блок-шот жасады. «Астана» сапынан алғаш болып Рустам Мурзагалиев ұпай еншіледі, ол бірінші ширекте қатарынан екі үш ұпайлық соққы жасады. Елордалық ұжымның америкалық шабуылшысы да допты алуда өте жақсы ойнады (оның допты алуы мен Мурзагалиевтің соққысынан кейін сақинаны дәл көздеген сәтін қарап шығыңыздар). Ойынның алғашқы минуттарында кездесу шиеленіске толы болатындай көрінген. Алайда әрі қарай бұл матчта қарсыласқа күрес көрсету қиын болатыны байқала бастады. Ойынның бірінші жартысында астаналықтар 15 қателікке жол берді, екінші ширекте фол алды, Беленицкийді бақылау ұстай алмайды, соныдай-ақ өкінішке қарай, Маркос Найттың еркін ойнауына мүмкіндік беріп қойды…

УНИКС қателіктері үшін қарсыласына аяушылық танытқан жоқ, жоғары прессинг көрсетіп ойнады. Мүмкін, жарақат алып қалған Дэниэл Утомидің алаңда жоқтығы сезілген шығар. Әрі бұл матч шебер ойыншылары көп командалардың ВТБ Бірыңғай Лигасы турнирлік кестесінде қалай алғашқы орындарда тұрғанының нағыз мысалы болды.

Алайда бұған қарамастан «Астананың» да жақсы мүмкіндіктері болды. Команда шабуылда аз ойнады, дегенмен үшінші ширекте орталық ойыншы Аскар Майдекин «Астананың» ойында бар екенін көрсетті. Ал Влад Исаенко болса, 25 минут ойын уақытын алды. Одан бөлек, Сардал Абашидзе дебюттік матчын өткізді әрі төртінші ширекте ерекше көзге түсті. Лигадағы өзінің алғашқы ойынында ол 6 ұпай еншілеп, 1 пас берді және 4 рет допты алды.

«Астана» — УНИКС 39:91 (12:26, 6:13, 10:30, 10:22)

«Астана»: Галин Смит (9 ұпай), Рустам Мурзагалиев (9 ұпай, 5 рет допты алу), Сардал Абашидзе (6 ұпай, 4 рет допты алу) .
УНИКС: Маркос Найт (21 ұпай, 4 пас), Исмаэль Бако (14 ұпай, 4 рет допты алу), Михаил Беленицкий (13 ұпай)

Глеб Плотников, «Астана» бас бапкерінің міндетін атқарушы:

- Қатарынан нешінші кездесуде ұйымшылдықтың жоқтығынан зардап шегіп отырмыз… 31 қателік. Қорғаныста толығымен жеңілдік. Әр кездесуде мұндай көрсеткішпен жеңіске жету мүмкін емес екенін айтамын. Білуімше, Утомидің ескі жарақаты қайта сыр берген, келесі ойынға дейін жазылады деп сенемін.

Сардал Абашидзе, «Астана» шабуылшысы:

-  Не айта аламын… Жеңіліс таптық, қателіктерімізбен жұмыс істейміз. Дебютке келер болсақ, өзімді көрсетуге мүмкіндік бергендері үшін қуаныштымын. Сенімді ақтай алдым деп ойлаймын.  


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»