“Пари Нижний Новгород”. Үшінші ширек шешуші рөл атқарды

14.11.2024, 11:00    Оқылғаны: 133
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Алғашқы ширекте мінез көрсеттік
 
Ойын қарқынын алаң иелері, әсіресе бастапқы бестік қалыптастыра бастады: Неманья Джуришич, Зак Наталл мен Александр Хоменко, олардың шабуылдағы әрекеттері “Пари Нижний Новгородтың” көш бастауына мүмкіндік берді. Алайда бесінші минутта “Астана” жинақталып, есесін қайтара бастады. Дэниэл Утоми соққысы, Галин Смиттің пастары сәтті өте бастады, Руслан Айтқали дәлдік танытты, ал ВТБ Бірыңғай Лигасында екінші матчын өткізген Мағжан Сәрсенғалиевтің алаңға шығуы есепте көш бастауға мүмкіндік берді. Өкінішке қарай, Нижний Новгород қаласы ұжымының тас қамал қорғанысы “Астананы” кезең соңына қарай бірнеше қателік жасауға мәжбүрлеп, командалар үзіліске 23:19 есебімен аттанды. Алаң иелері алда.
 
Екінші ширек бойы…
 
Екінші ширек бойы “Астана” өзін шабуылда сенімді сезінді (орталық аймақтан дәл соққы жасау көрсеткіші — 62%, үш ұпайлық соққылар дәлдігі — 38%) және алаң иелерінің босаңсуына жол бермеді. Екі команда да, расымен, қызық баскетбол көрсете білді. “Пари Нижний Новгородтың әр шабуылына Глеб Плотников шәкірттері арнайы комбинация дайындап қойған. Тағы да Александр Оразбеков пастарымен қуантты. Оның Галин Смитке асыра берген пастарына ерекше назау аудару керек. Әрі қарай команданың снайпер ойыншылары – Данил Походяев пен Рустам Мурзагалиевті алаңға шығару дұрыс шешім болды. Олардың соққыларының арқасында есеп айырмасын бір ұпайға дейін қысқарта алдық — 33:32. Алайда кездесуді дәл осы қарқында жалғастыру үшін қарсыластың қорғанысын бұзып өту керек еді (18:13). Ойынның осы көрсеткіші оңайға түспеді, сөйтіп, тағы кезең соңы алаң иелерінің пайдасына шешілді — 43:37.
 
Шешуші ширек
 
Үшінші он минуттықта “Пари Нижний Новгород” он ұпай айырмашылығымен есепте алға кетіп, “Астананың” ойынға қайта оралуына мүмкіндік бермеді. Қазақстандық ұжым Даниэл Утоми, Галин Смит пен Мағжан Сәрсенғалиевтің жылдам шабуылдарының арқасында таблодағы көрсеткіш жайын жақсарта алды. Алайда бүгін сақина астында ойнаған Карпенковті тоқтату мүмкін болмады. Шешуші кезең алдындағы есеп — 68:51.
 
Майдекиннің айып соққылары
 
Кездесудің шешуші ширегі Майдекиннің айып соққыларымен есте қалғаны анық. Алаң иелері қарсыласының камюэк жасауына мүмкіндік бергісі келмей соңына дейін күресті, дабл-тим жасады, көп ереже бұзды. Әсіресе ереже “Астананың” орталық йоыншысы Асқар Майдекинге қарсы көп бұзылды. Қарсылас Майдекин айып соққыларын нашар орындайды деген үмітте болған. Алайда олардың бұл ойы жүзеге асқан жоқ. Асқар Майдекин айып соққыларын орындауда жақсы көрсеткіш көрсетті – 9 дәл соққы (барлығы 14), 64%. Осының арқасында “Астана” ширек ортасында есеп айырмасын қысқартты. Жалпы, астаналықтар бұл он минуттықта тең ойын өрнегін көрсетті. Алайда команда қанша тырысқанымен, Нижний Новгород қаласы ұжымына 87:69 есебімен жол берді.
 
«Пари Нижний Новгород» — «Астана» 87:69 (23:19, 20:18, 25:14, 19:18)
«Астана»:  Даниэл Утоми (15 ұпай, 6 пас), Галин Смит (12 ұпай), Аскар Майдекин (11 ұпай), Мағжан Сәрсенғалиев (10 ұпай, 2 пас)
«Пари Нижний Новгород»: Зак Наталл (15 ұпай), Александр Хоменко (14 ұпай, 6 рет допты тартып алу), Сергей Зоткин (13 ұпай, 7 пас)

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:
Өткен “Локомотивке” қарсы матчтағыдай бізге қысым көрсетілді, оған тойтарыс бере алмадық. 22 қателікке жол беріп, ойында жеңімпаз атану мүмкін емес. Команда құрамында мәселелер бар, негізгі ойыншымыз Григорий Мотовилов жоқ. “Нижний Новгородты” жеңісімен құттықтаймыз. Бүгін қарсыласымыз агрессия мен өзіне сай ойын стилін көрсетті.

Сергей Козин, «Пари Нижний Новгород» БК бас бапкері:
— Өзіміз болжағандай қиын матч болды. “Астананың” алдыңғы матчтарына сараптама жасадық, “Локомен” өте жақсы ойнады. Екатеринбургтегі матчта да естен шығармау керек. Команданы күреске толы болатын матчқа дайындадым. “Астананың” ойынын ерекше атап өткім келеді, жігіттер әр доп үшін, оған әр кез иелік ету үшін барын салып жатыр. Жұмысқа деген осындай қарым-қатынас түбі жеңіске әкеледі. Бақытымызға орай, бүгін жеңіске біз жеттік.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»