«Локомотивті» тоқтата алмадық

11.11.2024, 16:00    Оқылғаны: 204
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Қарсыластың басымдыққа ие болуына жол бермедік
 
«Астана» ойынды жақсы бастайды, мұнда мәселе жоқ. Бұны 2024/2025 жылдар маусымында командалардың барлығы дерлік түсінді. Ойынның алғашқы минуттарында клуб өте сенімді ойын өрнегін көрсетеді, тіпті мықты қарсыластармен матчтарда да. Краснодарлық командамен ойын да шетте қалған жоқ. Бірінші ширектің дәл ортасына дейін алаң иелері 14:5 есебімен алды болды. Вадим Щербак пен Даниэл Утоми шабуылға жақсы қарқын беріп отырды. Он минуттықтың екінші жартысында қарсылас ойынға қайта оралды (6-0). Бұған Мағжан Сәрсенғалиевке жақсы қысым көрсеткен қорғаушы Михаил Ведищевтің ойыны көмектесті. 15:13 – бірінші ширек «Астана» пайдасына шешілді.
 
Ищенкоға шамамыз жетпеді
 
Екінші ширек те ойынның алғашқы бөлігі сияқты ширақ басталды. Даниэл Утомидің ойынын ерекше атап өту керек, 27 жастағы шабуылшы ашық соққылар жасауда өте мықты және мүмкіндік болған жағдайда командаға жақсы ұпайлар сыйлайды. Александр Оразбеков те дер кезінде шабуылға жақсы қосыла білді. Бүгінгі оның жылдам ойыны мен 12 нәтижелі пасы командаға пайдасын тигізді. Екінші ширектің ортасы – астаналық команда 22:13 есебімен алда. Алайда ойынның әрі қарайғы тағдырына Всеволод Ищенконың қорғаныстағы өнері ықпал етті. Оның қатарынан бірнеше допты тартып алуы «Локомотивтің» екінші ширекте есепте алға шығып, матчтағы көшбасшылығын сақтап қалуына көмектесті. Есеп — 28:45.
 
Бірнеше үш ұпайлық соққы…
 
Данила Походяевтің бірнеше үш ұпайлық соққысы мен Вадим Щербактың үшінші ширек басындағы 5 ұпайы «Астананың» күрес жүргізуіне көмектесті. Ойынның бұл бөлігінде бірнеше қызықты сәттер болды: Оразбековтің артына қарамай, Смитке берген пасының өзі қандай! Бұны міндетті түрде ВТБ Бірыңғай Лигасы үздік сәттерінің біріне қосу керек. Үшінші кезеңнің ортасында «Астана» есеп айырмасын 12 ұпайға дейін қысқарта алды, алайда команданың күші сарқыла бастады. Осылайша, «Локо» тағы да есепте алға кетті. Ойынның шешуші бөлігінің алдындағы таблодағы көрсеткіш — 47:65.
 
Шешуші аккорд…
 
Өкінішке қарай, шешуші аккорд біздің командамыздың жағында болмады. «Астана» шабуылда жаңа дүние ойлап тапқысы келді, оған дәл жасалған айып соққылары, Даниэл Утомидің үш ұпайлық соққылары мен Галин Смиттің жоғарыдан жасаған соққылары көмектесті. Дегенмен, камбэк жасау мүмкін болмады. 59:93 — «Локомотив» жеңісі.
 
 
«Астана» — «Локомотив-Кубань» 59:93 (15:13, 13:32, 19:20, 12:28)
«Астана»Даниэл Утоми (15 ұпай, 5 рет допты алу), Вадим Щербак (12 ұпай), Александр Оразбеков (7 ұпай, 12 пас)
«Локомотив-Кубань»: Всеволод Ищенко (15 ұпай, 6 рет допты тартып алу), Патрик Миллер (12 ұпай), Дмитрий Узинский (11 ұпай, 6 рет допты алу)
Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:
Ойынды жақсы бастадық, үшінші ширекті де жақсы өткіздік. Екінші және төртінші ширектердегі қарсыластың агрессиясына сай өнер көрсете алмадық. Оған қоса, команда 26 қателікке жол берген кезде, жеңіске жету қиын. Жұмыс істеп, өзімізді жақсарта түсуден басөа қолдан келер шара жоқ. Мотовиловты құрамда күтеміз, бізге көмектеседі деп сенемін. Қазір ол оңалту процесінен өтіп жатыр. Оған көп үміт артып отырмыз.
Мағжан Сәрсенғалиев, «Астана» БК қорғаушысы:
Әрине, жеңіліс тапқанымыз үшін көңіліс түсіп отыр. Өкінішке қарай, өте көп қателікке жол бердік (26), алайда оларды жөндеу үшін жұмыс істейміз. ВТБ Бірыңғай Лигасындағы ойын деңгейі Қазақстан чемпионатынан біраз жоғары, мұнда жылдамдық жоғары.
Андрей Ведищев, «Локомотив-Кубань» БК бас бапкері:
— Жеңіске жеткеніміз үшін қуаныштымын. Қатарынан үш рет жеңіліс табу қиын, сондықтан бүгін бізге жеңіске жету маңызды болды. Матчты сәтті бастадық дей алмаймын, алайда командалық ойын өрнегін көрсетіп, жеңіске қол жеткіздік.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»