Ақтөберфест

08.11.2024, 18:00    Оқылғаны: 171
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Осы демалыста «Астана» жанкүйерлер бір емес, қос матчтың куәгері болады: команда тек ВТБ Бірыңғай лигасында емес, ұлттық чемпионатта да өнер көрсетеді. Михаил Лоншаков бастаған ұжымның келесі қарсыласы — «Ақтөбе». 9-10 қарашада астаналықтар жергілікті командамен сынға түседі.

«Астана» бас бапкері Михаил Лоншаков сырт алаңдағы матчтар сериясы жайында:

Қарсыласымыздың үш мықты легионерді қатарына қосқанын білеміз: екі америкалық баскетболшы және Өзбекстаннан бір ойыншы. Олардың құрамындағы төртінші-бесінші нөмірлі ойыншы Эванс ерекше көзге түседі, команда ойыны осы баскетболшы төңірегінде құрылады. Сондай-ақ, оларда бірінші-екінші нөмірлі ойыншы Смит бар, ол — команданың ұпай саны бойынша көшбасшысы. Енді оның орнына Өзбексттан келген легионер шығады. Қазақстан біріншілігі ережелеріне сәйкес, команда алаңға тек легионер шығара алады. Сондықтан «Ақтөбе» осындай өзгерістер жасап отыр, себебі олар команданың негізгі ұпай еншілейтін ойыншылары. Легионерлер ойынын қолдау үшін өзін көрсетуге, дәлелдеуге міндетті жастар бар және олар өздеріне берілген ойын уақытын тиімді қолдануға тырысады. 

Александр Оразбеков пен Мағжан Сәрсенғалиевтің жоқтығы ойынға жоспар құруда кедергі келтіргені рас. Алайда бұл — Әмірәли Сүлейменов, Вадим Доц сияқты жас ойыншыларға мүмкіндік. Енді олар ойын тізгінін өз қолдарына алып, өздерін көрсетулері керек.  Жаттығу процесі штаттық режимде өтті және жігіттер барын салуға дайын. Әдеттегідей жеңіске жетуге деген құштарлығымыз зор. 40 минут бойы бәрі әр доп пен ұпай үшін күресетін болады. 

Өзге позицияларға тоқталсақ, біз әдетте ұлттық лиганың сырт алаңдағы матчтарына командамен бірге аттанатын жас ойыншылардан жасақталған негізгі құрамды сақтап отырмыз. Ең тәжірибелілер қатарындп Абылайхан Жандарбек пен Павел Соннов, төртінші нөмірлі ойыншы позициясында Валерий Симонов пен Сардал Абашидзе бар. Одан бөлек, «Астана Жастар» командасынан Богдан Бойконы алдық. Екінші позицияда Захар Медовской мен Мұхаммедәлі Сайранов ойнайды. Өзге позицияларда жастарымыз өнер көрсетеді, алайда олардың бәрі ұлттық лиганың биылғы маусымында айтарлықтай көп ойын уақытын алып үлгерді. Осындай құраммен Ақтөбеге аттанамыз және жігіттер жеңіс үшін барын салады.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»