Екатеринбургте жеңіліс таптық

04.11.2024, 22:00    Оқылғаны: 213
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Кездесудің алғашқы минуттарында-ақ командамыз маңызды ойыншысымен қоштасқанына қарамастан, Екатеринбургтегі матчқа күрес жүргізу үшін келгендігін көрсетті. Дәл осы матчтың алдында «Астана» құрамынан негізгі бестік ойыншысы Маркелл Джонсон кетті. Сондықтан бұл кездесуде негізгі ойыншы міндетін атқару Рустам Мурзагалиев, Александр Оразбеков пен Вадим Щербакқа табысталды. Ойын есебін Дэниэл Утоми үш ұпайлық соққыны орындау арқылы ашты және алғашқы сегіз минут бойы «Астана» басымдыққа ие болды. Алайда Джеремайя Мартиннің қатарынан бірнеше рет допты тартып алуының арқасында алаң иелері бірінші ширекті 16:14 есебімен аяқтады.
 
Ойынның екінші бөлігінің басында «Уралмаш» Вячеслав Зайцевтің арқасында 11 ұпаймен айырмашылығымен алға шықты. Ол 2024/2025 жылдар маусымындағы ең үздік матчын өткізгенін айта кету керек. Сақина астында Тайрел Нельсон мен Джонни О’Брайант Андрей Десятниковке қиындық туғызды. Он минуттықтың екінші жартысында ғана Галин Смит белсенді ойын өрнегін көрсете бастап, ол командаға 8 ұпай сыйлады. Өкінішке қарай, Глеб Плотников шәкірттерінің жіберген қателіктерінің саны (13) «Астананың» есеп айырмасын қысқартуына мүмкіндік бермеді. Ойынның алғашқы жартысының қорытындысында таблодағы есеп 37:29 болды. Алаң иелері алда.
 
Үшінші ширек астаналық ұжым үшін сәтті басталды. Данила Походяев командаға 5 ұпай әкелсе, Вадим Щербактың үш ұпайлық соққысы есеп айырмасын бір ұпайға дейін қысқартты. Алайда алаң иелері бұған тас қамал қорғаныспен жауап қатты. Андрей Десятников допты алған бойда, оған қарсы фол жасалды. Оған қоса, «Уралмаш» шабуылында Зайцев айрықшы көзге түсуін тоқтатпады. Тек кезең соңына қарай астаналықтар есеп айырмасын бес ұпайға дейін қысқарта білді, оған Походяевтің бастамасы сеп болды. Осылайша, астаналықтар үшінші ширекті өз пайдасына жазды — 57:52.
 
Төртінші он минуттықта «Астананың» камбэк жасауға мүмкіндігі болмаған: Походяев пен Оразбеков ойын барысын өзгерткілері келген, алайда олардың жеке әрекеттері жеңіс үшін жеткіліксіз болды. Нәтижесінде, тартысты кездесуде «Уралмашқа» 72:62 есебімен жол бердік. 
 
«Уралмаш»«Астана» 72:62 (16:14, 21:15, 20:23, 15:10)
«Уралмаш»: Вячеслав Зайцев (22 ұпай, 4 рет допты алу) Джеремайя Мартин(13 ұпай, 5 рет допты тартып алу,  Джонни О’Брайант (13 ұпай, 9 рет допты алу)
«Астана»Даниэл Утоми (19 ұпай, 8 рет допты алу), Данила Походяев (18 ұпай, 8 рет допты алу), Галин Смит (12 ұпай, 6 рет допты алу).

Глеб Плотников, «Астана» БК бас бапкерінің міндетін атқарушы:
Біріншіден, «Уралмашты» жеңісімен құттықтаймын. Сонымен қатар, бүгін жігіттердің ойынына көңілім толды, олар берілмей, мінез көрсетті. Осыған дейін матчтың екінші жартысында нашар ойын өрнегін көрсететінбіз. Ал бүгін керісінше болды. Өз қателіктеріміздің жазасын тарттық деуге болады. Қарсыластың мүмкіндігі көп болған кезде жеңіске жету қиын. Десе де, командалық ойынның жақсарғанын байқадым. Көңілім толды.

Ростислав Вергун, «Уралмаш» БК бас бапкері:
Алаңдағы алтыншы ойыншының міндетін керемет атқарған жанкүйерлерімізге алғыс айтамын. Белгілі себептерге байланысты жарқын ойын өрнегін көрсете алмадық. Сырт алаңдағы ойындар сериясы күрделі өтті әрі жарақаттар бар, ойыншылардан жақсы эмоцияның жетіспеушілігі байқалады және ол бүгінгі матчтағы дәлдік көрсеткішімізге де әсер етті.
 «Астана» қазір эмоционалдық жағынан мықты. Олар жақсы кұрес жүргізді, сауатты ойын өрнегін көрсетті. Осы қиындықтарға қарамастан, жеңіске жете алғанымызға қуаныштымын.
 


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»