Аңдатпа: «Уралмаш» — «Астана»

03.11.2024, 18:00    Оқылғаны: 225
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

Команда Екатеринбургке аттанды. Бұл жолғықарсыласымыз турнирлік кестеде сегізіншіорында тұрған – «Уралмаш». Ойындағымүмкіндігіміз қандай? Талдау жасап көрейік. 

Енді жаңа ойыншылар емес 

Егер өткен маусымда Ростислав Вергунның «Минсктен» «Уралмашқа» ауысуы ойыншының өзі мен екатеринбургтік команда үшін нағыз жұлдызды сәт болғанымен (плей-офф, «Зенитке» қарсы 5 матч), 2024/2025 жылдар маусымы оның шәкірттері үшін айтарлықтай қиын өтіп жатыр. 

Біріншіден, маусым алдындағы дайындық кезінде «Уралмаштың» басты жұлдызы – Октавиус Эллис (өткен маусымда 18 ұпай, 8 рет допты алу) командадан кетіп қалды. Объективті тұрғыдан алғанда, ВТБ Бірыңғай Лигасында мұндай қабілетті ойыншыны біраздан бері көрген жоқ. Екіншіден, шынтағынан жарақат алған команданың негізгі ойыншыларының бірі, эмоционалды тұрғыдан қоладу көрсетіп, көп нәтижелі пас беретін және шешуші сәтте соққы жасай алатын Антон Глазунов (өткен маусымда 6,4 ұпай, 4,6 нәтижелі пас)  әріптестеріне көмектесе алмай жатыр. Үшіншіден, «Уралмаштың» жаңа ойыншысы – америкалық Джонни О’Брайанттың дебюті туралы айту қиын (10 ұпай, 4 рет допты алу). Алғашқы ойындарда жапониялық лигадан кейін мұнда бейімделуіне біраз уақыт керек екендігі байқалған. Октавиус Эллистің алаңға шыққан алғашқы минуттарынан кейінгі әсердей емес. Алайда оның Саратовтың «Автодорына» қарсы өткізген матчы (25 ұпай!) және Джонни 16 ұпай еншілеген қазандық «УНИКС»-пен кездесу оның ойынын бағаламауға болмайтындығын көрсетті. Сондай-ақ, «Уралмаштың» «УНИКС»-ке қарсы өткізген ойынына команданың негізгі ойыншыларының бірі Стэнли Уиттакер (14,3 ұпай, 4,7 нәтижелі пас) пен Евгений Белянков (4,2 ұпай, 3,1 рет допты алу) қатысқан жоқ. Осыдан екатеринбургтік команданың әзірге өзінің толық күшімен ойнамай жүргені туралы қорытынды шығаруға болады. Бұл – қарсылас қолдана алатын ең басты басымдық. 

Кездесулер тарихы

ВТБ Бірыңғай Лигасы чемпионаты аясында командалар 4 рет өзара кездескен, оның үшеуінде «Уралмаш» жеңіске жетті. «Астана» өткен маусымдағы алғашқы өзара кездесуге жеңімпаз атанған. 

Лиганың ең көп ұпай жинайтын қос ойыншысының кездесуі 

«Астананың» маусымды нашар бастағанына қарамастан, команданың негізгі ойыншысы Маркелл Джонсон – ВТБ Бірыңғай лигасының ең нәтижелі баскетболшысы (25,1 ұпай). Бұл көрсеткіште екінші орында қарсылас команда ойыншысы Джеремайя Мартин тұр (17,1 ұпай). Сондықтан 4 қарашада екі америкалық ойыншының тартысты теке-тіресін көруіміз мүмкін. 

«Астана» бас бапкерінің міндетін атқарушы Глеб Плотниковтің алдағы матч туралы пікірі:

«Уралмаш» — әр позицияда кем дегенде деңгейлес екі ойыншысы бар мықты команда. Матчтан не күтемін? Мінез көрсетіп, ойынға құрған жоспарымызды ұстанып, қолымыздан бар келгенді жасап, жеңіске жетуіміз керек деп есептеймін».

Матч: Уралмаш – Астана
Күні мен уақыты: 4 қараша, 17:00
Өтетін орны: Екатеринбург, ОСС



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»