Аңдатпа: «Автодор» – «Астана»

29.10.2024, 18:00    Оқылғаны: 122
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

№11 мүмкіндік

Біздің басткеболшыларымыз ВТБ Бірыңғай Лигасы 2024/2025 жылдар маусымындағы жеңілістер сериясын үзу үшін №11 мүмкіндігін сынап көреді. Астаналықтар әзірге бірде-бір жеңіске қол жеткізбесе де, турнирлік кестедегі жағдайын түзеуден үмітін үзер емес. Осы сәрсенбі, 30 қазанда «Астана» қиын қарсыластардың бірі – Саратовтың «Автодорымен» ойнайды. Ертеңгі матчқа аңдатпа жасап көрейік.

Қауіпті «андердог»?

Саратовтың «Автодоры» — ВТБ Бірыңғай Лигасының азулы командаларына лайықты қарсылас бола алатын клуб. Өткен маусымның матчтары жүйке тоздырарлықтай жағдайда өтіп, тіпті кейде төртінші ширектің соңғы секундтарында жасалған нәтижелі соққылардың көмегімен шешілген. 2024/2025 жылдар маусымы «Автодор» үшін айтарлықтай күрделі жүруде. Маусым басында клубпен келісімшартқа қол қайған бірнеше маңызды ойыншылар Саратовқа барудан бас тартты. Осылайша, клуб скауттары өзге ойыншыларды іздеуге кірісті. Сондай-ақ, осы маусымаралық үзілісте «Зениттен» «Автодорға» ауысқан Артем Клименко жарақат алып қалды. 

Алайда Миленко Богичевичтің командасы соңғы ойындарда айтарлықтай жақсы өнер нәтижеге қол жеткізіп жүр. Команданың жаңа ойыншысы Калеб Огада кездесу барысында сенімді ойын өрнегін көрсетуде. Красноярскілік «Енисеймен» (64:52) ойындағы жеңіс тікелей осы Огаданың арқасында келді. Нигериялық қорғаушы дабл-дабл (31 ұпай, 10 рет допты алу) жасады. Дмитрий Халдеев орталық ойыншы ретінде бір емес, бірнеше маусымды ойдағыдай өткізіп келеді. Оның данктарыВТБ Бірыңғай Лигасының үздік сәттеріне қосылып жүр. Сондай-ақ, Джамал Джоунс та командаға жақсы сіңісіп кетті. Жақында «Пармаға» қарсы өткен матчта ол 14 рет допты алса, түркиялық орталық ойыншы Керем Кантер алғашқы ойын минуттарын алды.

«Автодор» 3 жеңіс және 7 жеңіліспен турнирлік кестеде оныншы орында тұр. 

Командалардың өзара кездесу тарихы 

Қос команда жалпы өзара 26 кездесу өткізген, оның басым бөлігінде «Автодор» жеңіске жеткен – 17. 2023/2024 жылдар маусымында «Астана» төрт ойынның біреуінде ғана жеңіске жетті. Осы маусымның қазан айының басында командалар Қазақстанда кездесіп, «Автодор» басым түсті – 74:52. 

«Астана» бәрін жаңа парақтан бастай ма

Грекиялық маман Фотис Такианос қызметінен кеткен соң, оның міндетін атқарушы болып Глеб Плотников тағайындалды. Алдағы ойын ресейлік маман үшін бұл қызметтегі алғашқы матч болмақ. 

Глеб Плотников алда «Автодормен» болар матч туралы пікірімен бөлісті. 

«Маусым басындағы 10 ойында жеңіліс табу. Жағдай оңайемес. Бұл біз өзімізден және өзгелер бізден күтетін нәтижеемес. Сондықтан алда осы нәтижені жөндеу үшін барымыздысаламыз. 

Сырт алаңдағы ойындарға жарақат алған Тахджон Старкспен Джеймс Мюррэй-Бойлстан өзге баскетболшылардың барлығы аттанды.

Өкінішке қарай, ойын стиліне қандай да бір өзгерістер енгізу үшін уақыт жоқ, себебін ВТБ Бірыңғай Лигасындағы күнтізбе тығыз. Оның үстіне сапарлар толыққанды жаттығу процесін жасауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан құрамға аздаған өгерістер енгізу арқылы максималды нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз. 

Автордор – өзіндік ойнау стилі, бапкерлік жеке көзқарасы, жақсы ойыншылары бар команда, сол себептен бізді қиын да қызықты матч күтіп тұр». 

Матч: Автодор – Астана
Күні мен уақыты: 30 қазан, 20:00 
Өтетін жері: Саратов, Кристалл СК
Трансляция: ВТБ Бірыңғай Лигасы сайты



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»