Фотис Такианос команданың бас бапкері қызметінен кетті
«Астана» баскетбол клубы Фотис Такианоспен келісімшартты үзгені туралы хабарлайды. Шешім екі жақтың келісімі бойынша қабылданды.
Грекиялық маман «Астана»
бас бапкері қызметіне 2024 жылдың ақпан айында кіріскен. Фотиске команданың дамуына қосқан үлесіне алғыс айтып, кәсіби мансабына сәттілік тілейміз.
«Астана» бас бапкерінің міндетін атқарушы болып Глеб Плотников тағайындалды. Ол команданы алдағы матчтарға дайындайды.