«Астана» Ұлттық лига аясындағы сырт алаңдағы матчтар сериясын аяқтады
«Астана» Ұлттық Лига аясында «Каспий» командасына қарсы екі кездесу өткізді.
19-20 қазан күндері «Астана» Ақтауда «Каспий» командасымен екі матч өткізді. Баскетболшыларымыз ВТБ Бірыңғай лигасында сырт алаңдағы матчтарын өткізіп жатқан негізгі командаға қосылған Александр Оразбеков пен Владислав Исаенкосыз өнер көрсетті.
Бірінші ойында матч тағдыры соңғы секундтарда шешілді – «Астана» бір ұпай айырмашылығымен жеңіліс тапты.
Қорытынды есеп – 82:81 (24:18, 20:23, 10:21, 28:19), «Каспий» пайдасына.
Команда капитаны Мағжан Сәрсенғалиев команданың осы кездесудегі ең нәтижелі ойыншысы атанды – 22 ұпай). Ал Илья Пестов, Сардал Абашидзе мен Әмірәли Сүлейменов 11 ұпайдан еншіледі.
Екінші кездесудің басынан бастап «Каспий» ойын тізгінін өз қолына алды, «Астана» қанша қарсылық көрсеткенімен, матчты пайдасына шеше алмады.
Ойынның қорытынды есебі – 71:56 (19:7, 15:16, 18:17, 19:16).
Команданың ең нәтижелі ойыншысы – Сардал Абашидзе (13 ұпай).
Тұрақты маусымның төрт ойынының нәтижесінде «Астана» турнирлік кестеде алтыншы орында тұр.
Енді команда 27-28 қазан күндері өз алаңында «Тобыл» командасын қабылдайды.