Қазақстанның Ұлттық Лигасының жаңа маусымы «Астана» мен «Алматинский Легион» командалары арасындағы тартысты ойынмен басталды

06.10.2024, 19:00    Оқылғаны: 198
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
4-5 қазан күндері «Астана» алматылық қарсыласына қарсы екі матчпен жаңа маусымның шымылдырығын ашты. Екі кездесуде де командалар тең дәрежедегі, күреске толы ойын өрнегін көрсетті. 

Алғашқы ойында елордалық ұжым жігерлік танытып, 77:74 есебімен жеңісті жұлып алды. Алайда екінші кездесуде теке-тірес пен бірқатар жарқын сәттерге қарамастан, «Астана» 86:90 есебімен «Алматинский Легион» командасына есе жіберді.

Ұлттық Лиганың жаңа маусымында екі ойыншымыз — Илья Пестов пен Абылайхан Жандарбек дебют жасады. Ойыншыларды олжалаған алғашқы ұпайларымен құттықтаймыз. 

«Астана» Ұлттық Лигадағы келесі ойындарын 19-20 қазан күндері Ақтауда жергілікті «Каспий» командасына қарсы өткізеді.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»