«Астана ойыншылары маусым басында жарақат алды» 

30.09.2024, 18:00    Оқылғаны: 243
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» үшін жаңа маусым оңай басталған жоқ. Маркелл Джонсон мен Андрей Десятников маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындарында жарақат алып, дайындық кезеңінің біраз бөлігінде оңалту процесінен өтті. 

Өз алаңымызда өткен алғашқы ойында Маркелл жарақатынан толық айықпай, алаңға шықты және соған қарамастан «Пари НН» командасымен ойында 25 ұпай олжалады. Матчтан кейін Джонсонның оң аяғы әлі де болса көп күш түсіруге дайын еместігі анықталды. Бапкерлер құрамы Маркеллге жарақатынан толық айығу үшін уақыт беруге шешім қабылдады. Ол команда қатарына қазан айының басында қосылады деп жоспарланған. 

Андрей Десятников әлі алаңға шыққан жоқ. Ол да команда сапына қазан айында қосылуы керек, біз оны жақын арада алаңда көреміз деп сенеміз. 

Команданың жарақат алғандар тізіміне ТиДжей Старкс қосылды. Ол сырт алаңда «Пармамен» өткен ойынның екінші кезеңінің басында иығынан жарақат алды. Ол 2-3 аптадан кейін алаңға қайта оралады деп күтілуде. 

Барлық ойыншыларымыз жарақаттарынан жылдам айығып, жақын арада жанкүйерлерді қуанатады деп сенеміз. 
«Астана» өз алаңындағы келесі ойынын 2 қазан күні мәскеулік ЦСКА командасына қарсы өткізеді. Билеттер ticketon.kz сайтында.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»