Бірінші матчтың нәтижесі
«Астана» ВТБ Бірыңғай Лигасы жаңа маусымындағы алғашқы матчын «Пари Нижний Новгород» командасына қарсы өткізді. Ойын есебін қарсылас команда ашты. Бірінші кезеңнің соңында екі ұжымның есептегі айырмашылық 10 ұпай болды, басымдық — Нижний Новгород командасында (12:22).
Астаналық клубтың салған барлық күш-жігеріне қарамастан, екінші кезең де қарсыластың пайдасына аяқталды (33:53).
Үшінші ширекте таблодағы көрсеткіштегі айырмашылық тағы ұлғая түсіп, «Пари Нижний Новгород» 28 ұпайға алға озып кетті (44:72).
Шешуші кезеңде ойыншылар қарсыласты есепте қуып жетуге тырысқанымен, бәрі сәтсіз аяқталды. Есеп — 62:90.
Матчтың ең нәтижелі баскетболшысы болып ойында 25 ұпай олжалаған Маркелл Джонсон танылды
«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы өз алаңындағы келесі матчын 2 қазан күні мәскеулік ЦСКА-ға қарсы өткізеді. Ал 25 қыркүйекте команда сырт алаңда «Локомотив-Кубаньмен» кездеседі.