«Астананың» оқу-жаттығу жиындары аясында өткізетін жолдастық кездесулерінің кестесі
«Астана» КБК спорттық директоры Валериус Соколовастың пікірі:
«Сербияда өткізетін оқу-жаттығу жиынындағы басты мақсатымыз — «Астана» БК екі құрамын жаңа маусымға даярлау. Сербияға алда команданың ВТБ Лигасындағы және ҚР Кубогындағы матчтарына қатысатын 22 ойыншыдан тұратын кеңейтілген құрамы аттанады. Жаттығу барысында ВТБ Лигасында өнер көрсететін командамыз, сондай-ақ ҚР Кубогына қатысатын қазақстандық ойыншылар үшін де жолдастық кездесулер өткізу жоспарланған. Өкінішке қарай, биыл жастар командасы негізгі командамен бірге оқу-жаттығу жиындарына қатыса алмайды. Себеп — ұлттық құрама мен Азия Кубогы (U18)оқу-жаттығу жиынына команда бапкері А.Пономарев пен 5 ойыншымыздың қатысуы. Олар халықаралық аренада ел намысын қорғау арқылы мол тәжірибе алады деп сенеміз! Спортшыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!