«Астана» Батыс-Азия Суперлигасында қалай өнер көрсетті 

30.05.2024, 17:30    Оқылғаны: 604
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» Батыс-Азия Суперлигасы Сегіздік Финалындағы жарыс жолын аяқтады. 

Фотиос Такианос бастаған команда топтық кезеңді Бейруттың «Әл-Рияди» командасына қарсы матчпен бастады. Кездесу қарсылас пайдасына шешілді — 69:101. 

Екінші матчта командамыз Бахрейннің «Әл-Манама» ұжымымен ойнап, кездесу шиеленіске толы болды. Маусымда бір рет қана қазақстандық команда үш овертайм ойнап, ақырында 122:117 есебімен жеңіске қол жеткізді. 42 ұпай олжалап, 7 рет допты алып, 11 нәтижелі пас берген Маркелл Джонсон кездесу қаһарманы атанды. 

Өкінішке қарай, жігіттеріміз шешуші ойында «Сагессиге» есе жіберіп (89:103), топта үшінші орын алып, турнирдің жартылай финалына шыға алмады. Бұл ойында 25 ұпай еншілеп, 16 рет допты алған Шакур Джустон ерекше көзге түсті. 

Топтық кезең қорытындысында Маркелл Джонсон ұпай саны (25.7, үздіктер көшін 34.0 ұпаймен «Казма» ойыншысы Клинт Чапман және 26.7 ұпайы бар «Кувейт» баскетболшысы Джозеф Янг бастап тұр) және пастар (6.7, алда — 7.3 көрсеткішімен «Казма» ойыншысы Ахмед ӘлБалуши) бойынша турнир көшбасшыларының қатарына енді. 

Осылайша, «Астана» үшін биылғы маусым аяқталды. Алда клуб жаңа спорттық белестерге дайындықты бастайды.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»