Рақмет, Карвел! 

12.04.2024, 14:00    Оқылғаны: 326
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Америкалық қорғаушы Карвел Андерсон мансабын «Локомотив-Кубань» командасында жалғастырады. Келісімшарт бойынша, «Астана» ойыншының командаға ауысқаны үшін қаржылық өтемақы алады. 

Карвел Андерсон қазақстандық ұжым үшін ВТБ Бірыңғай лигасында 39 матч өткізді. Ол әр ойында орта есеппен 16,1 ұпай, 2,7 допты алу мен 2,7 нәтижелі пас еншілеген. Сонымен қатар, ол қазақстандық клубтан Жұлдыздар Матчына қатысқан төрт ойыншының бірі атанды және бір маусымда үш ұпайлық доптарды соғудан Лигадағы Алексей Швед орнатқан рекордты жаңартты. 

Өткен жазда баскетболшы «Астананың» Батыс-Азия Суперлигасы Сегіздік финалында қола жүлдегер атануына зор үлес қосты. 

Карвелге командамызда көрсеткен өнері, жарқын эмоциялар мен жеңістер сыйлағаны үшін рақмет айтамыз! Алдағы кәсіби мансабына тек сәттілік тілейміз!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»