Фотиос Такианос: «Жігіттер қолдан келер бар амалды жасауға тырысып жатыр» 

27.03.2024, 22:30    Оқылғаны: 915
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» бас бапкері Фотиос Такианос Минсктегі ойынды қорытындылады. 

— Алдымен «МИНСК» командасын жеңісімен құттықтаймын. Қиын матч. Ойынды овертаймға ұластырып, жеңіске жетуге болар еді, алайда соңғы шабуылды жүзеге асыра алмадық. Жақсы ойын өрнегін көрсету қиынға соғып жатыр, өйткені құрамда көшбасшы ойыншыларымыз жоқ. Қатардағы жігіттер қолдан келер бар амалды жасауға тырысып жатыр, сондықтан алаңдағы ойынымызды қарсылас алдын-ала болжап білген сияқты. Осылайша, бізде өзімізге қажетті шешім жоқ. Ал оның себебі — құрамда жоқ баскетболшылар мен жарақаты бар болса да ойнап жүрген ойыншылар. Маусым соңына дейін бір шешім табуымыз керек. Басты міндетіміз — дәл қазіргі сәттен бастап, маусымдағы соңғы матчқа дейін күрес жүргізу. Алдымызға қойған мақсатымыз — тобымыздағы үздік төрт команда қатарына енуге тырысамыз.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»