Фотиос Такианос: «Алматылық жанкүйерлерге алғыс айтамын»

24.03.2024, 17:30    Оқылғаны: 204
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» бас бапкері Фотиос Такианос МБА командасына қарсы ойынды қорытындылады. 

— Бұл ойынның плей-инге жолдама алу деген мақсатымызға жетуде қандай маңызды рөл ойнайтынын жақсы білдік. Бұл мұратқа қарай қадам басу және өзіміз қалайтын ойын өрнегін көрсету кейбір ойыншылардың құрамда болмауына байланысты мүмкін болмай тұр. Баскетболшыларға тағар мінім жоқ, олар көп жұмыс істеп, тырысып жатыр. Дегенмен, нәтижеге жетуде бгл жеткіліксіз. Себебі, қарсыластың ойыны сапалы әрі құрамға қоса алатын артық ойыншылары бар. 

Бүгін Девин Дэвис ойнағанымен, ол жарақатынан толық айыққан жоқ және кездесуге дайын болмады. Ойын барысында қандай да бір шешімдер қабылдауға тырыстық. Енді біз үшін бастысы — концентрациямызды сақтап, жарақат алғандар тізіміндегі ойыншылар қатарға қосылып, алдағы ойынға қатыса алатынына сену. Қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз.

Осы екі матчта қолдау көрсеткен алматылық жанкүйерлерге алғыс айтамын. Өкінішке қарай, жеңіске жете алмадық, бірақ келесі ойындарда сіздерді қуанту үшін бәрін жасаймыз деп сөз береміз.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»