Фотиос Такианос: «Жақсы командаға қарсы қиын ойын болды»

21.03.2024, 22:30    Оқылғаны: 554
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» бас бапкері Фотиос Такианос Алматыдағы бірінші ойынға қорытынды жасады.

— Жақсы командаға қарсы қиын ойын болды. Өкінішке қарай, команда толық құрамда емес. Бүгінгі ойын барысында Пушица да жарақат алып қалды. Алматылық жанкүйерлеріміздің алдында бұдан да жақсы өнер көрсеткіміз келген, бірақ кейбір ойыншылардың жоқтығына байланысты жағдай қиындау болып тұр.

Матчты өзіміз қалаған қарқынмен бастай алмадық деп ойлаймын, өйткені бізге энергия жетіспеді. Осыған дейінгі «Рунамен» ойында көп күш жұмсадық, одан кейін қалпымызға келіп үлгеру қиындау болды.

Энергия, сапа мен тәжірибе «Уралмашқа» есепте үлкен айырмашылық жасауға мүмкіндік берді. Кездесу соңында қазақстандық ойыншылардың өздерін көрсетуі үшін көбірек ойын уақытын бердік. Себебі, командаға жергілікті ойыншылардың жақсы формада болғаны керек. Сондай-ақ, соңғы кездесулерде өте көп ойын уақытын алған баскетболшыларымызға кішкене демалуға мүмкіндік бердік.

Енді осы ойынның оң тұстарын алып, келесі матчта өзімізді жақсы қырымыздан көрсетуіміз керек.

Гавриловтың жағдайы қалай? Ол 100 пайызға жарақатынан айыққан жоқ, бірақ бүгін өзін жақсы сезінгендіктен, медициналық штаб оған ойнауға рұқсат берді. Келесі ойындарда командаға көмектесе алады деп сенеміз.

Дэвис арқа жарақатынан әлі жазылған жоқ. Қазір ол ем қабылдап жатыр, оның толық айығуын күтіп отырмыз.

Алматылық жанкүйерлердің алдында, осы аренада ойнағанымызға қуаныштымыз. Көрерменнің қолдауы біз үшін аса маңызды. МБА командасымен ойын плей-ин үшін күресте өте маңызды, сондықтан жанкүйерлерді матчқа шақырамыз. Жексенбі күні бүгінгіден жақсырақ ойнаймыз деп сөз береміз.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»