Алматыда «Уралмаш» командасын қабылдадық

21.03.2024, 22:00    Оқылғаны: 405
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өз алаңындағы алғашқы матчын өткізді. Өкінішке қарай, Фотиос Такианос бастаған команда «Уралмашқа» 61:96 есебімен жол берді. 

Астаналық клубтың құрамында тағы да Дэвин Дэвис болған жоқ. Ол әлі де арқа жарақатынан кейінгі оңалту процесінен өтіп жатыр. Сонымен қатар, білегінен алған жарақатына байланысты соңғы ойындарға қатыса алмаған Дмитрий Гаврилов алаңда 9 минуттан аз уақыт өткізді. Ал Василие Пушица үшінші ширекте алған жарақатына байланысты алаңнан кетуге мәжбүр болды. 

Екі жылда алғаш рет Алматыда өткізілген ойын ВТБ Бірыңғай Лигасының СИБУР компаниясының қолдауымен әр клубтың өз алаңындағы матчтарының бірінде жанкүйерлерге арнап арнайы аймақтар ұйымдастыратын экоматчтар сериясы аясындағы бірінші кездесу болды. Арена фойесінде жанкүйерлер арнайы квиз сұрақтарына жауап беріп, қаһармандар бейнесінде суретке түсті және батареялар мен пластикалық қақпақтарды қайта өңдеуге тапсырды. 

«Матч бойы өте сапалы баскетбол ойынын көрсеттік, команданы осы жетістікпен құттықтаймын. 25 пас, 13 қателік — біз қарсыластың 61 ұпай ғана олжалауына мүмкіндік бердік. Біз қол жеткізгіміз келетін нәтиженің ең жақсы мысалы. «Астанаға» сәттілік тілеймін. Алда бірнеше маңызды матч күтіп тұр, сондықтан бүгінгі ойынды тезірек ұмытып, келесілеріне дайындалу керек», — деді ойыннан кейін «Уралмаш» бас бапкері Ростислав Вергун. 

Енді команда 24 наурыз күні МБА командасына қарсы өтетін ойынға дайындалады. Билеттерді Ticketon сайтынан сатып алуға болады.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»