Экоматчтар сериясын бастаймыз!

21.03.2024, 10:00    Оқылғаны: 264
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
2023/24 жылдар маусымында ВТБ Бірыңғай Лигасы СИБУР компаниясының қолдауымен экологиялық матчтар сериясын өткізіп, оның аясында әр клубтың өз алаңындағы матчтарының бірінде жанкүйерлерге арналған арнайы аймақтар ұйымдастырады.

Биылғы маусымдағы экоматчтар сериясын Алматыда «Уралмашпен» өтетін кездесу ашатынын қуана хабарлаймыз!

21 наурыз күні жанкүйерлердің арнайы квиз сұрақтарына жауап беріп, жасанды интеллект көмегімен ғаламшарды құтқаратын қаһарманның бейнесіне енуге мүмкіндігі болады. Сондай-ақ, аренада батареялар мен пластикалық қақпақтарды тапсыруға болады, олар қайта өңдеуге жіберіледі. Осылайша, әр жанкүйер қоқыстарды қайта өңдеуге тапсыру арқылы табиғатты сақтап қалуға зор үлесін қосады.

ВТБ Бірыңғай Лигасы маусымы аяқталғаннан кейін қорытынды жасап, жылдың ең үздік экологиялық клубын таңдайды.

Сіздерді алдағы экоматчта күтеміз! «Астанаға» жанкүйер болып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлесіңізді қосыңыз!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»