Самарада жеңіліс таптық

13.03.2024, 22:30    Оқылғаны: 147
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» ВТБ Бірыңғай Лигасы сырт алаңдағы матчтары аясындағы екінші ойынын «Самараға» қарсы өткізіп, жеңіліс тапты.

84:63 есебімен аяқталған матчта қазақстандық команда сапынан Маркелл Джонсон (14 ұпай, 5 пас) мен Ройс Хэмм (12 ұпай, 8 допты алу) кездесудің үздік ойыншылары атанды. 

«Команданы жеңіспен құттықтаймын. Үш ширекті өте жақсы өткіздік. Бірақ, матчтың екінші кезеңінде мұндай ойын өрнегін көрсетуге болмайды. Мұның себебін жақсы білемін. Кеше Кулагин соңғы үш аптадағы алғашқы, ал Платонов МБА командасымен ойыннан кейінгі бірінші жаттығуын өткізді. Умрихин кеше жаттығуға қатыспады, Загорац жарақатынан енді айықты… Әр ойыншының физикалық дайындығы әртүрлі болғанда, 40 минут бойы кездесуді бір темпте ұстап ойнау қиын. Бірақ, өзге үш ширектегі ойынымызға көңілім толады. Матч бойы осылай ойнау қажет! Үлкен үзілісте психологиялық мәселелерді шешуге тырыстық. Бірінші кезеңде бірде-бір қателік жасамасақ, екінші ширекте оның саны 6 болды. Мұндай көп қателікпен ойнау қиын. Ойын барысынан толығымен шығып қалдық. Алайда үшінші ширекте команда тағы да ойын тізгінін өз қолына ала білді», — деп ойынды қорытындылады қарсылас команда бапкері Дражен Анзулович.

«Астана» келесі ойынын 18 наурыз күні Мәскеуде «Рунаға» қарсы өткізеді.

Еске сала кетейік, 21 және 24 наурыз күндері командамыз Алматыда ойнайды! Билеттерді Ticketon сайтынан сатып алуға болады.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»