Фотиос Такианос: «Қорғаныста сәтсіз ойнадық»

09.03.2024, 18:30    Оқылғаны: 191
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
 «Астана» бас бапкері Фотиос Такианос Нижний Новгородтағы ойынды қорытындылады.

- Қиын матч болатынын білдік. Бір жағынан, бізге жолдан кейін болатын шаршаңқылықты жеңу керек болды. Екінші жағынан, бұл матчтың турнирлік кесте жағдайында маңызды рөл ойнайтынын біле тұра, алдымызға жоғары концентрациямен ойнау мақсатын қойдық. 

Өкінішке қарай, матч басталғаннан бастап допты алуда көптеген қателікке жол беріп, қарсыластың соққы жасауына мүмкіндік беріп қойдық. Ойынның алғашқы жартысында-ақ «Пари НН» 11 үш ұпайлық соққы жасап, есепте үлкен айырмашылық жасай алды. Қорғаныста сәтті ойын өрнегін көрсетпедік. 

Кездесудің екінші жартысында қысымды күшейтуге тырыстық, соның арқасында қарсылас тек бір үш ұпайлық соққы жасай алды. Есептегі айырмашылық айтарлықтай қысқарды, алайда ережені көп бұза бастадық. Оған қоса, командадан шаршаңқылық сезілді. 

Матчтың ең позитивті тұсы — қазақстандық ойыншылардың көрсеткен ойын өрнегі. Олар бүгін алаңда көп ойын уақытын алып, тырысып, командаға көмектесе алатындарын көрсетті. Болашақта бүгінгіден де көп пайдаларын тигізіп, командада бірін-бірі алмастыра алатын ойыншылар тобы қалыптасады деп ойлаймын.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»